Пәннің негізгі мазмұнын:Болашақ мамандар мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқытудың теориялық негіздерін, әдістеменің қалыптасуы мен дамуын, әр түрлі жастағы балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай ақ мектеп жасына дейінгі балаларды математикамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін меңгерулері тиіс.
Пәнді оқудың мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қажетті болатын білім, білік, дағдыларымен қаруландыру.
Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
— Студенттердің мектеп жасына дейінгі балаларға математиканың қарапайым ұғымдарын үйретудің теориялық негіздері бойынша білім қалыптастыру;
— Балалардың математикалық түсініктерді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты балабақшадағы жұмыстың мазмұны және әдістерімен таныстыру әдістемесі;
— мектепке дейінгі ұйымда математиканың элементтерін оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету;
— сабақты жоспарлау, балалармен жұмыстың мазмұнын және әдістерін іріктей білуге төселдіру;
— студенттердің мектеппен, отбасымен жұмысын байланысты ұйымдастыра білуге үйрету;
— студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілігімен ынтасын, шығармашылығын дамыту;
— студенттерде практикалық дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру.
МДБ қарапайым математикалық түсінік қалыптастырудың нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
— қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұйымдастыру формаларын;
— мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдай білуге дағдыландыру;
— қарапайым математиканы оқытудың курсының теориялық негізін білуі;
Курстық және дипломдық жұмыстарың жазу үшін қажетті қарапайым зерттеу іскерлікті меңгеріп алулары тиіс.