Қызыл үй қоғамы

Қызыл үй қоғамыҚазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы — ерікті қоғамдық ұйым. 1921 ж. Қазақстан астанасы Орынбор қаласында РКФСР Қызыл Крест қоғамының Қазақ өлкелік комитеті құрылды. 1930 ж. Алматы қ-нда осы к-ттің 1-съезі шақырылып, алғашқы төрағасы болып М.М. Шомбаловсайланды. 1937 ж. Алматы қаласында шақырылған 2-Республикалық конференцияда “ҚазКСР Қызыл Крест қоғамы” болып аталды. Мұнда қоғамның орталық комитеті құрылды, оның жоғары органы — республикалық съезд болып бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚазКСР Қызыл Крест Қоғамы Қазақстан Республикасының Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамы болып қайта құрылды. 1993 ж. ол Қазақстан Республикасының Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамы болып өзгерді. 2002 ж. наурызда өткен 16-съезінде оның жаңа эмблемасы бекітілді және қазіргі атымен аталды. Қызыл үй қоғамы елдің медициналық құрылымдарына жәрдемдесу, төтенше жағдайларға дайындалу және олардың салдарын жою, халықтың неғұрлым әлеум. әлсіз топтарына, соның ішінде оралмандарға, босқындарға көмек көрсету, халықар. гуманитарлық көмекті тарату, т.б. қызметтерді жүзеге асырады. Қызыл үй қоғамының 14 облыстық, 2 қалалық 2 аймақтық бөлімшелері, 25 ауданы бөлімшелері, 550 мыңнан астам мүшесі бар (2003). Қоғам мемлекеттік органдармен, бейресми және халықар. ұйымдармен, БҰҰжанындағы босқындар жөніндегі Жоғары Комиссардың Басқармасымен, Халықаралық көші-қон ұйымымен, Еуропа Кеңесімен, Каунтерпарт консорциумымен достық және іскерлік қатынастарды ұстанады. Шет елдерден гуманитарлық көмек тарту мәселесі бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Қоғам 2000 — 01 ж. Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 250 мың АҚШ доллары мөлшерінде көмек көрсетті. Қазір қоғамның жәрдемдесуімен республикада 95 жастар клубы, 33 қайырымдылық пункт пен 6 отряд кіретін 14 жастар орталық жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *