Жердің 70%-ы су болғанымен, 1%-ы ғана ішуге жарамды. Экологияның күрт өзгеруі, жаһандық жылыну, өзен-көлдердің ластануы таза су қорының азаюына алып келеді. Денсаулығын ойлайтын адам таза суды ғана пайдаланғысы келеді. Күніне 8 стақан су ішу керек, себебі, су – көптеген жасушаның негізі. Су ағзадағы зат алмасу үдерісін қалпына келтіреді, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына көмектеседі, иммунитетті күшейтеді және ағзаны шаршау мен күйзелістен қорғайды. Ағзадағы су жетіспеушілігі терінің қартаюына алып келеді. Суды қажет мөлшерде қолдану – денсаулық пен әдеміліктің негізі.