Комитет өкілдерінің сөзіне сенсек, пандемия әлі де ұзаққа созылады. Сондықтан жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде эпидемияға қарсы іс-шараларды жалғастыру қажет.
Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирус әлі де адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.
Пандемия – денсаулық сақтау саласындағы ірі және бұрын-соңды болмаған дағдарыс, оның салдарын ондаған жылдар бойы тартатын боламыз. Ауыр күндер артта қалды деп ойлаған көптеген елде ауру қайта өршіп жатыр. Пандемияның алғашқы апталары жеңіл-желпі өткен мемлекеттерде қазіргі күні науқастар саны мен өлімі күрт өсуде», — деді ұйым жетекшісі.
Соңғы деректер бойынша әлемде коронавирус инфекциясынан 675 мыңнан астам адам көз жұмды. Барлығы 17 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.
Еске сала кетсек, Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері жарияланды. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде инфекция 6407 адамнан анықталған.