Қоқаннан қайтып келгеннен кейін Кенесары Орта Жүздің жеріне келген.Бірақ оған дейін Ресей шешуші әрекеттерді ойластырды,содан Орта Жүзде күресті жалғастыру мүмкін емес болды.Сонда Кенесары Ұлы Жүзге бару туралы шешім қабылдады.Ұлы Жүзге інісі Наурызбайдың қасына жүз жігітті оларға көшпенді жер бөлуіне жіберді.Рүстем Сұлтан Наурызбайды қабылдап,жер бөлуді және Кенесарыны қолдайтынына уәде берген.1846 жылы хан Орта Жүзден кетті.Ұлы Жүздің аумағына келген ол қырғыз манаптарымен келіссөздерді бастады.Олар ханды қолдаймыз деп уәде берген,негізінде қосарланған саясат жүргізген болатын.Екі жақтың арасындағы тыныштықты қырғыздар Саурық батырдың өлтіргенімен бұзды.1847 жылдың сәуірінде олардың әрекеттеріне жауап ретінде Кенесары 15 мыңдық әскерімен Қырғызстанға басып кірді.Бұл шабуыл өте қатал болды, содан қырғыздар соғысқа дайындықты бастады.Майтөбе қаласында — Кеклик-Сэнгирде Орманның жетекшілігімен қырғыз манапасымен шайқас өтті.Бірақ шайқас кезінде Сұлтан Рүстем мен Сыпатай Кенесарыны сатып кетіп, оның әскерінің басым бөлігін алып кетті.Шайқас бірнеше күнге созылды.Кенесары ұсталып және тұтқында үш айдай болған,өйткені қырғыздар онымен не істейтінін білмеген.Содан оны өлтіру туралы шешім қабылданды.Көз жұмбас бұрын Кенесары намаз оқуға рұқсат сұраған.Басынан айырылды.Оның басын қырғыз манабы Ормон балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлап,қырғыздардың Ресей империясына деген адалдығын көрсеткісі келді.
Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары