Кенесары Қасымұлы сыртқы саясаты

Хандықтың құлдырауы

Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.

Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 184344 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.[1]

 

Сыртқы саясаты

Кенесары сыртқы саясатында ортаазиялық хандықтармен одақтас және әскери қатынастар орнатты.Әкесі Қасым төре кезінде Қоқан хандығымен қатынастарды сақтады.Бірақ әкесі мен ағасын қоқандықтар өлтірді,кейін өзі тұтқындалған.Қоқандық хан Мұхаммад Алихан оны тұтқыннан босатты және отбасы мен мүлігін қайтарды.Кенесары Хива хандығына жол бастады.Хива ханы Аллакули оны құрметпенен қарсы алып,Бұқараға қарсы одақ құруды ұсынды.Бірақ бұл ұсынысты қабылдай тұра,Бұқара жағын ұмытпады.Бұқара әмірі Насрұлла хан Хиваға қарсы одақты ұсынды.Кенесары хан оған Қоқанға қарсы одақты ұсынды.Сөйтіп,Кенесары екі хандықтан да көмек алуға талпынды.Ресей империясымен қатынастар ауыр болған,хандық билік таратылғаннан кейін патша үкіметі оны хан ретінде мойындамады.Кенесары империямен бейбіт туралы келіссөздер жүргізді.1841-1843 жж. Кенесары мен Ресей империясы бейбіт келісімге жетті.Бірақ Орынбордың губернаторы ретінде Обручев келіп,бейбіт туралы келісімдер бұзылып,Кенесарыға қарсы жазалау әрекеті басталды.1844 жылы Орынбор губернаторы атынан елші ретінде шекаралық комиссия мүшесі Баймұханбет Жаманшы келіп,ханға Обручевтің хатын берді.Герн мен Долгов басқарған,патша үкіметінің елшілігі келді.Елшіліктің мақсаты:Кенесарыны Ресейге бағындыру және оның талаптарын орындату.Кенесары да өз талаптарын айтқан.Екі жақ та бір-бірінің талаптарын мойындамағандықтан,бұл келеіссөз нәтиже бермеген.Кенесары қырғыздарды ұмытқан жоқ.Өзінің адамдарын Ормон ханға жіберіп,бірақ ол ханның кеңесшілері Кенесарымен одақ құрғысы келмеді.Одан кейін Кенесары Қытайды таңдады.Елшілікті Даогуану императорына жіберген.Даогуану Абылай ханның кезіндегі қатынастарды қайта құруға уәде берген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *