Біріккен Ұлттар Ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясыБіріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтіккеңесінің арнаулы аймақтық органы. Негізі 1947 ж. қаланған. 1951 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты ұйымы құқын алған. Штаб-пәтері — Женевада (Швейцария). Оған 55 ел мүше. Негізгі мақсаты — ұйымға мүше елдердің басқа мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарын дамыту мен нығайтуға қолғабыс тигізу, орнықты дамуды қамтамасыз ететін саясат жүргізу, үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту, экономикалық, техникалық, статистикалық ақпараттар жинап тарату немесе осы салаларда көмек беру. Оның құрамында өнеркәсіптің, көліктің, сауданың түрлі салаларын қамтитын тұрақты комитеттер жұмыс істейді. Комиссияның жоғарғы органы — жылына бір рет шақырылатын сессия, атқарушы органы — Хатшылық Комиссияның пленарлық сессиясында ұйымның жалпы саясаты мен жұмыс бағдарламалары қаралады, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне ұсыныстар жасалады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *