Қыран қазақ

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстан – Байқоңыр-Ғарыш

Сабақтың тақырыбы

Қыран қазақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.1.1 — мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу

8.5.2.1 — жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Мәтіннен қажетті ақпаратты іріктеп, сұхбат жазу дағдысын дамытады.Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсінеді, сөйлем ішінде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

·         Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазады

·         Жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады

Дескрипторлар

·         мәтін негізінде 2-3 сұрақ құрастырады;

·         сұрақтарға жауап жазады;

·         себеп-салдар, талғаулықты, кезектес құрмалас сөйлемдерді мүмкіндігінше қолданады;

·         интервью жазудың стилін сақтайды.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум:ғарыш, ұшу,ұсыныс жасау,бас тарту, келісім беру, шарт қою, ғарыштық ғылыми бағдарлама, басын қауіп-қатерге тігу, бекіту, сүрінбей өту, жол тарту, ғарышқа аттану, ғарышты бағындыру, Байқоңыр.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға  ұсынылған  тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтар

Ашықтық.

Өзгелердің пікірін құрметтейді. Пікір алмасуда   өзара сыйластық танытады, құрмет көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

физика

АКТ дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан – Байқоңыр-Ғарыш

 

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

3мин

Қызығушылығын ояту

 

Екі суретті бір-бірімен байланыстырып айтып көріңіз.

 

……………………..      ………………………

ҚЫРАН ҚАЗАҚ

Оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және дескрипторларман таныстыру.

Слайд 1

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

2мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        5 мин

 

 

 

15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Мағынаны тану

Талқылау сұрақтары:

·         Интервью деген не?

·         Сұхбатқа кімдер қатысады?

·         Интервью қалай жазылады?

ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның  мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

 

Оқушыларға үзінді көрсетеледі.  Оқушылар үзіндіден сұхбаттың  барысын анықтайды.

https://www.youtube.com/watch?v=0QSF_t4Y9Ss

 

1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

(Жалғаулықтарды қажетті ұяшыққа орналастыру қажет. Тапсырманы интерактивті тақтада немесе белсенді әдіс түрінде орындау ұсынылады)

 

Себеп-салдарқұрмалас салалас    

 

Талғаулы құрмалас салалас           

 

Кезектес салалас құрмалас

 

 

бірде, біресе, кейде, себебі, өйткені, сондықтан,не, немесе, әлде, я.

(Жоғары деңгейлі тапсырма ретінде ғарыш туралы сөйлемдер құрастыруды ұсынуға болады)

 

Сөздік: ұсыныс жасау, ғарышқа ұшу, бас тарту, келісім беру, шарт қою, ғарыштық ғылыми бағдарлама, басын қауіп-қатерге тігу, бекіту, сүрінбей өту, жол тарту.

 

2-тапсырма.

Ұсынылған мәтін мазмұны негізінде сұхбат құрыңыз.

Қыран қазақ

Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы

Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті болады. Өз бетінше өмір сүру, өз бетінше шешім қабылдау ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалыпты. Мұның алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендігі себептен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ жарияланып кетіп, қызық болған екен.

Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып, “Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр”, дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Өмірбақи өз бетінше өмір сүріп келе жатқан батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп, “Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?”, деп тұрғанда Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады.

Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:

– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен бауырына тартып сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я болмаса мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін керек. Білесің бе: Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар “Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?” деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге бас тартпақсың, а? Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың… Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.

Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе: Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Бірақ батырдың аты – батыр ғой, Елбасына өзінің келісімін бере отырып, бірнеше шартын да қойып үлгереді. Онысы Қазақстанның ғарыштық ғылыми бағдарламасы болсын деген тілек еді.

Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар Әубәкіровтің арасындағы әңгіме түйіні былай көрініс тапқан.

“Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің!”, – деді Елбасы.

“Ұшамын!..” – дедім мен.

“Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің”, – деді ол.

“Тігемін!..” – дедім…

– Байқоңырдағы “Энергия” ғылыми-өндірістік бірлестігінде “Халқым үшін, қазағым үшін өліп кетуге дайынмын!..” деген таспаға жазылған сөздер бар. Қажет деп тапсаң, барып көруіңе болады…

Тоқтардың ғарышқа ұшу кезеңі қазақтың Азаттық туралы арманының орындалуға бет бұрған уақытпен тұспа-тұс келді. Елбасымыздың күш салуымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүткіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

Оқушыларға дескрипторлар ұсынылады.

·         2-3 сұрақ құрастырады;

·         сұрақтарғажауап жазады;

·         себеп-салдар, талғаулықты, кезектес құрмалас сөйлемдерді мүмкіндігінше қолданады;

·         интервью жазудың стилін сақтайды.

(Сұрақтар санын мұғалім оқушылардың деңгейіне қарап анықтайды)

Сұхбат құрастыру барысында мұғалім сыныпты аралап жүреді. Оқушыларға қажет жағдайда көмек көрсетеді, кері байланыс береді.

 

«Автор орындығы»  Оқушылардың жауабы тыңдалады.

 

 «f» бағалау.  «2 жұлдыз, 1 тілек»

Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды

 

 

Слайд 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=jwC-xvqSQlY

 

 

Слайд 5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://ult.kz/post/kyran-kazak

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3мин

 

 

Кері байланыс

«3-2-1»

3- жаңа ақпарат

2- кездескен қиыншылық

1-ұнаған аспект

 

Үйге тапсырма:сөздерді жаттау

Слайд 7

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жеке оқушыларға көмек көрсетіледі.Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Оқушыларға  тапсырма орындауда  таңдау жасау мүмкіндігі беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларғажоғары деңгейлі сұрақтар ұсынылады.      

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс – физика

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *