Мақсаты: Қазақ тілі туралы мағлұмат беру.
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдерінің тобынан шыққан қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір-біріне өте жақын. Өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы –қыпшақ- ноғай тобынан өрбіген тілдер.
Қазақ тілі – «Ер Төстік», «Аяз би» сияқты ертегілермен, «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс» сияқты батырлар жырымен, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» секілді ғашықтық жырларымен, мақал-мәтелдермен, жаңылпаштармен бай тіл.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
- Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қай топқа жатады?
- Қазақ тілінің ерекшеліктері
- «Тілдер заңы» қай жылы қабылданды?
- Тіл туралы мақал-мәтелдер жазу, жаттау.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тілі туралы, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы мағлұмат алу. «Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау: Тіл туралы мақал-мәтелдерді жаттау. (орысша варианттарын білу)
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
Мәтін: Тіл туралы заң
Тіл туралы Заң
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң жайында мағлұмат беру. Тұрмыстық, қоғамдық-саяси, оқу, ғылыми мәселелерде қазақ тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беруге, мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңнан үзінді
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора — өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
ономастика — тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
орфография — дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
топонимика — ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
транслитерация — бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру;
терминологиялық комиссия — экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
ономастикалық комиссия — географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
уәкiлеттi орган — тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
Сөздік
Ана тілі- родной язык
Мемлекеттік- тіл государственный язык
Зерттеу-исследовать
Парыз- долг
Іс қағаздары-делопроизводство
Меңгеру-
Сөздікпен жұмыс
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. ономастика — тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Сөйлесу
-Мына сөз қалай жазылады?
Это слово как пишется?
Бұл сөз былай жазылады.
Это слово пишется так.
Мына сөз қалай дыбысталады?
Как произносится это слово?
Бұл сөз былай дыбысталады.
Это слово произносится так
Тағы да дыбысты қайтала
Еще раз повтори произношение
Қате, тағы да қайтала
Ошибка, еще раз повтори
Қайтадан жаз
Еще раз перепиши.
Еще раз напиши
Дұрыс емес, міне қате
Неправильно, вот ошибка
Жаттығу жұмысы
Мен дұрыс тыңдаймын (отырамын, сөйлеймін, айтамын, білемін, ашамын, жабамын, жазамын, қайталаймын)
Cен дұрыс тыңдайсың (отырасың, сөйлейсің, айтасың, білесің, ашасың, жабасың, тыңдайсың, жазасың, қайталайсың)
Сіз дұрыс тыңдайсыз (отырасыз, сөйлейсіз, айтасыз, білесіз, ашасыз, жабасыз, тыңдайсыз, жазасыз, қайталайсыз)
Ол дұрыс тыңдайды (отырады, сөйлейді, айтады, біледі, ашады, жабады, тыңдайды, жазады, қайталайды)
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
- Топонимика дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп нешінші бапта жазылған?
- Диаспора дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқау:
«Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау
Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс
Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар мен тест-сұрақтар.
Әдебиеттер тізімі: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. – 6 б.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007