Ғарышты игеру

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстан — Байқоңыр-Ғарыш.

Сабақтың тақырыбы

Ғарышты игеру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

8.ТБ2. Жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:

Оқушылар «ғарыш» сөзінің мағынасын біледі, қазақстандық ғарышкерлерді таниды.

Оқушылардың көбісі үйренеді:

Ұсынылған ресурстар негізінде  эссе жазады, тақырыпты ашып, дамытып жазады. Дара тұлғаларға деген құрметін арттырады

Ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын ретімен орналастыра алады.

Кейбір оқушылар үйренеді:

Ғарышты игерілуі адамзатқа тигізер пайдасы мен зиянын талдайды.

Бағалау критерийлері

Мәтіндердегі салыстырады;

Мәселеге баға береді;

Салалас құрмалас сөлемдерді дұрыс құрастырады

Дескрипторлар

·         Мәтіндегі мәселені анықтайды;

·         Ұқсастығын анықтайды;

·         Айырмашылығын анықтайды;

·         Мәселенің күрделігіне баға береді;

·         Жауабын дәлелдейді;

·         Салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады

Құндылықтар

Өздігінен іздену. Шығармашылығын шыңдау

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих, өзін-өзі тану, Қазіргі әлемдегі Қазақстан

АКТ дағдылары

АКТ презентация көрсету мақсатында қолданылады

Осыған дейін меңгерілген білім

Наурызнама

Тілдік міндеттер

Пән лексикасы және терминология: қыран қазақ, дала қазағы, дархан халық, дара тұлға, отаншыл азамат.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:менің ойымша, түйіндеп айтсам, қорытындылай келе, үлгі тұтарлық тұлға.

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы

 

мин

Ұйымдастыру

Қазақстан бүкіл әлемге несімен әйгілі? (оқушылар пікірі)

«Жарнамалау» әдісі

Интербелсенді тақтадан ғарыш пен  ғарышкерлердің суретін көрсету арқылы оқушылардан не білетіні жайлы «жарнамалау» әдісі бойынша баяндауды сұрайды.

Оқушылар суреттерге қарап ғарыш туралы,  көрген ғарышкерлер туралы не білетінін баяндайды, олар туралы жарнама жасайды.

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

мин

 

Мағынаны тану

Жазылымалды тапсырма

·         Қазақстандағы космодром қалай аталады?

·         Ол ғарыш айлағының бүкіләлемдік рөлі қандай?

·         Біздің елімізден ұшқан ғарышкерлерді атаңыз.

·         Тұңғыш қазақ ғарышкері жайлы не білесіздер?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты,бағалау  критерийі, дескрипторлар талқыланады.

 

Топ пікірлерін тыңдау.
( жұқа және қалың сұрақтар)
Жұқа сұрақтар:
1 — сұрақ Тұңғыш ғарышкер кім?
2 — сұрақ Ол туралы не білесің?
Қалың сұрақтар:
1 — сұрақ Ғарыш айлағы қайда орналасқан? Ол неліктен деп ойлайсың?
2 — сұрақ Қазақстандық ғарышкерлер туралы не білесің?

Жұптық жұмысы(тарихи диктант )
1. Ғарыш………. тілінен аударғанда………………, деген мағынаны білдіреді.
2. Олжас Сүлейменов поэмасы «…………….,……………..»
3. Ғарыш кемелері Қазақстанның…………………………… айлағынан ұшады.
4. 1991 жыл 2 қазанда Байқоңырдан…………………………… кемесімен ғарышқа ұшты.
5. Т. Мұсабаев 1991 жылы «…………,……………….» алып шықты.
Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой — пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау..

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Үзінді негізінде ойды дамытып эссе жазады

·         Тақырыпты ашып жазу

·         Мәселені анықтау, шешу жолдарын ұсыну

Себеп-салдарлық байланыстарды көрсетіп жазады

·         Құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады

 

Оқылым тапсырмасы

1.      Венн диаграммасы бойынша мәтіндерге талдау жасайды

 

 


                  №1 мәтін               ұқсастық          №2 мәтін

 

 

 

 

 

№1 мәтін

Марс ғаламшары туралы қызықты деректер Марс – Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Назарларыңызға Қызыл ғаламшар жөнінде кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз. Ғаламшардың аты ежелгі римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған. Оған себеп жұлдыздың қан түстес қызыл болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған гипотезасы бойынша мұндай түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің өте көп болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей айналым жасайды – 24 сағат 37 минут және 22,7 секунд. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар.   Марстың диаметрі Жерден екі есе кіші болса, ал салмағы 9 есе жеңіл. Марста тұрған адамның салмағы 2,5 есеге дейін жеңілдейді. Марстың экваторындағы температура күндіз +30ºC және түнде — 80ºC аралығын құрайды. Ал полюске жақын аймақта -143 ºC дейін төмендейді. Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы. Биіктігі – 27 шақырым болса, диаметрі 550 шақырым. Ал Маринера аңғары (ұзындығы 4,5 мың шақырым, ені 60 шақырым, ал тереңдігі 7-10 шақырым) – Күн жүйесіндегі ең үлкен каньон саналады. Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эвересттен бірнеше есе биік таулар кездеседі. Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болған. Алайда ол кей беймәлім құбылыстарға байланысты жоқ болды. Оған дәлел қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температура шамамен -60ºC құрайды. Марста озон қабатының болмауы себепті Күн шығыстан шыға салысымен ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын қабылдайды.  

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/19522

 

 

№2 мәтін

Марста тіршілік бар ма? Әу баста Жерге тіршіліктің көршілес планеталардан келгені анық. Ғылым дамып, заман озған сайын дәлелдеу қиынға соғып келеді.

Көптеген ғалымдар Марстың сыртқы бетіндегі айғыз-айғыз жолақтарды ең төмен дәрежедегі бактерия немесе вирусқа ұқсайтын микроорганизмдер болуы мүмкін деп есептейді. Тағы бір ғалымдар шоғыры ежелгі дәуірде Марста «организмдердің» өсіп-өркендеу дәуірі өткен болуы мүмкін деген де болжамдарға сүйенеді. 1996 жылы АҚШ-тың әуе ғарыш мекемесі «АLH 8400» нөмірлі жұлдыз тасынан микроорганизмдердің тасқа айналған қалдығының іздерін айқын байқағанын жариялады. Марсты зерттеуші ғалым Левин сол уақыттан бастап қолдап-қуаттауға ие болып, тәжірибе нәтижелерін қоғамға ашық түрде жария ете бастады. Левиннің көзқарасы АҚШ әуе ғарыш мекемесі жариялаған материалдармен дәлелденіп, тіршілік іздерінің осы бір қызыл шарда жалғасып келе жатқандығы, Марс ортасы қаншалықты нашар болса да, ондағы тіршіліктің біздің ойлағанымыздан әлдеқайда өміршең екендігі анықталды. Мысалы, микроорганизмдердің атом қазанын ешқандай жарық сәулесі түспейтін теңіздің терең түбінде де байқауға болады екен. Бұл салада Ұлыбританияның Open университетіндегі профессор Колин Филленгер ерекше зерттеуге кірісті. Ол ерте кезде Марстың бір уақыттарда тіршіліктің пайда болуына тиімді орта болғанына сенетіндігін білдірді.  Ол тағы да кей тіршілік формалары ең тиімсіз ортада да өмір сүре алатынын, 0 градустан төменгі недәуір суық ортада да кей тіршілік формалары қысқы ұйқыда болатынын дәлелдеді. Ғалымдар: теңіз түбінің үш мың метр тереңінен өзін-өзі қоректендіретін кейбір организмдерді байқағандығын, тау жыныстарының жылуы ол арадағы бірден-бір жылу қайнар көзі екендігін… Бұл организмдердің 113 градустағы жоғары температурада тіршілік ете алатындығын… Оларды тіпті қышқыл ағындардарда да кездестіруге болатындығын, бұл организмдер тек бензол мен гексанон сияқты улы заттардың ішінде ғана емес, тіпті тереңдегі он бір мың метр келетін мариана теңізінің шыңырауының түбінде де жасай беретіндігі дәлелденді. Мұндай организмдер Марс топырағының 10 метр тереңінде де жасауы мүмкін… 

 

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/13360

 

Оқушылар сағат тілімен дәптерлерімен аусыпы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тексеріп, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Мұғалімнің сырттай бақылау мен бағалауы арқылы оқушыларға кері байланыс беріледі.

 

Оқылымнан кейінгі тапсырма

2.      Мәселенің өзектілігіне, күрделігіне баға береді. Жауптарын «ПОПС» формуласы бойынша себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып  жазбаша дайындайды.

Жауаптар «Ыстық орындық» әдісі бойынша тексеріліп,  «Бағдаршам» техникасы арқылы бағаланады.

 

Сабақ  «Баспалдақ» әдісі арқылы қорытындыланады:

1-баспалдақ – түсінбедім, мына сұрақтардан қиналамын

2-баспалдақ – сұрағым бар

3-баспалдақ – барлығы түсінікті

 

 

 

«Автор орындығы» әдісімен бір-бірін тыңдайды

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен топтар өзара кері байланыс жасайды.

Мұғалімнің кері байланысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үзінділер таратылады

Сабақтың соңы

мин

 

 

Кері байланыс

+/-/қызықты

Үйге тапсырма:Тоқтар Әубәкіров туралы қызықты деректер жинау.

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.       

           

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс –  Әдебиет,тарих, өзін-өзі тану, Қазіргі әлемдегі Қазақстан.

Отансүйгіштік құндылықтарын арттырады. Өнегелі тұлғаларды үлгі тұтады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Осы сабақта оқушыларға  үш үзінді ұсынылады, эссе тақырыптарын таңдауға мүмкіндік беріледі. Оқушы өзіне ұнаған тақырыпты және дамытып аша алатын үзіндіні таңдайды.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *