Фрэнк Найт тұжырымы

Ең алғаш рет тәуекел туралы түсінік өткен ғасырдың 20 жылдары бизнестің негізгі элементі ретінде сөз қылған экономист Фрэнк Найт. Ол тәуекел туралы түсінікті өлшенетін белгісіздік деп, бизнес тек тәуекел болғандықтан бар деп жариялады. Келесі қадамды Гарри Морковец жасаған, ол тәуекел мен табыстылық түсініктерін байланыстырды. Табыстылық тек тәуекелмен ғана көтеріліеді деген. Бұл пастулат қазіргі кезде экономист студенттерге мәлім, бірақ 1953 жылы Марковицтің еңбегінің негізін қалаушы жұмысы шыққанда және 1970 жылдың басына дейін оның теориясы аса қызығушылықты тартпады.
Бірақ та 1970 жылдары қаржы әлемінде үлкен дағдарыс болды. Валюталық курстың ауытқуының әсерінен экспортталатын тауарлардың мұнайға деген бағасын 1 жылға алдын ала жоспарлау мүмкін болмады. Бағаның секіруі, пайыздық мөлшерлеменің кенеттен ауытқуы сенімсіздікті тудырды.
«Тәуекел» түсінігінің ұзақ мерзімді әлемдәк тарихы бар, бірақ оны белсенді түрде көбірек зерттеу XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында басталды. Отандық экономикаға тәуекел мәселесі мен оны бағалау жаңа емес: осы ғасырдың 20 жылдары шарушылық есеп тәуекелінің заңды шарты қалыптасты. Бірақ қалыптасумен қоймай нарықтық қатынастарға қатысты нақты іскерлікті жою жүрді және 30-шы жылдардың ортасына қарай тәуекел категориясына капиталистік, буржуазиялық деген жарлық асылып қойылды. Елдің шаруашылығын экстенсивті дамыту мақсатында ұзақ мерзім бойы бағдарлау, орталық басқарудың тым жоғарғы нәтижесі, басқарудың әкімшілік әдісінің өктемділігі жоспарлы экономика шарты бойынша шаруашылық қызметтің тиімді негіздеуі мен барлық экономика – техникалық негіздеу жобаларының тек тәуекелдік талдаумен ғана құтылмады.Осыдан шарушылық және әлеуметтік мәселелер тиянақты қызығушылықтың жоғынан себебін түсінуге болады.
Жоғарыда аталып өткен фактілерге байланысты отандық тәуекел туралы ілімді дамытуға біршама көзқарастар қалыптасты.
Бірінші көзқарастың жақтаушылары осы сала бойынша ғылыми жетілдірудің жоқтығын айтты: — «біздің экономикалық ілімде және шарушылық практикада жалпыға ортақ шаруашылық тәуекелдің теориялық дәрежесі жоқ» ал «іргелі зерттеу атымен жоқ» бұл ахуал былай түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы әкімшілік әдіспен басқару, яғни тәуекелдің бағалауы мен талдауының шарты жойылған. Екіншіден, жоғарыда тәукел жөніндегі сұрақтарға байланысты айтылғандай «Батыспен идеологиялық күрес» негативті әсер етті.
Екінші көзқарас бойынша тәуекел мәселесіотандық ғалымдарға жаңалық емес. Осылай КСРО – да 20-шы жылдары бірқатар заң актілері қабылданды, олар шаруашылық өндірістік тәуекел түсінігін құрады. Бұл тәуекелдің ерекшелігі, тәуекелге байланысты жүргізілген зерттеулердің күшті деформацияланып, көптеген тәуекелдің есептелмеуі. Ол шаруашылық субъектілердің өз қызметтерінде кездесетін тәуекелмен байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *