Тоқтар –тұңғыш қазақ ғарышкері

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстан -Байқоңыр-Ғарыш

Сабақтың тақырыбы

Тоқтар –тұңғыш қазақ ғарышкері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.4.1 — идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:мәтіннің үзіндісін түсінеді, болған оқиғаны жаза алады әрі келесі бөлігін болжай алады;

Көптеген оқушылар: көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдерді қолдана отырып, өз пікірін жеткізеді;

Кейбір оқушылар:көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, өз пікірін  еркін жеткізеді;

Бағалау критерийлері

·         Мәтіндердегі оқиғалар желісіне  бақылау жасайды;

·         Мазмұнның дамуын салыстырады;

Дескрипторлар

·         Әр бөлікте не айтылғандығын тұжырымдайды;

·         Келесі үзіндіге болжам жасайды.

·         Тақырыпты аша алады;

·         Көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

Тілдік міндеттер

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға  ұсынылған  тілдік оралымдар:

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  Ерлік білекте емес, жүректе.

  Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.

  Ерлік – елге мұра, ұрпаққа — үлгі.

  Қаһарлы қамал бұзады.

  Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Құндылықтар

Ашықтық.

Өзгелердің пікірін құрметтейді.

Пікір алмасуда   өзара сыйластық танытады, құрмет көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

Тарих, физика

АКТ дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан -Байқоңыр-Ғарыш

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылығын ояту

Адасқан әріптер арқылы сабақ тақырыбына шығу

 

ОРТҚАТ – ҰҢҒТШЫ  ҚАҚЗА  ШҒЕАЫКРІР

 

Оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және дескрипторларман таныстыру.

Тақырыпқа шығу. Тақырыпты анықтайды.

 

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Тоқтар Әубәкіров туралы кім қанша дерек біледі,сол бойынша топқа бөлінеді.

Мұғалімге нұсқаулық:

Оқушыларға Нұртөре Жүсіптің «Қыран қазақ» әңгімесінің алтыншы пернесі немесе Тоқтардың туған жері деген үзіндісі 2-3 бөлікке бөлініп беріледі.

Оқушылар А, Ә, Б бөлігін жеке-жеке  оқып болғаннан кейін оқиғаның ары қарай қалай дамитындығын болжай отыра, кестені толтырады.

Жұптық жұмыс

Әр жұп өзінің толтырған кестесін ауызша қорғайды.

 

 Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері

 

А бөлігі

44-ші Қызылорда сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың арасында кімдер жоқ дейсіз: әкімдер де бар, бизнесмендер де жетерлік, нанталаппен жүргендер де табылады. Солардың арасында шоқтығы биік жандардың бірі де, бірегейі де Тоқтар Әубәкіров болды.

Кейде қазақ десек өзімізге тиетіні бар.

Тоқтардың басқа облыста дүниеге келгені үміткерлер арасында ең басты қарсы аргумент ретінде қарастырылды. Кездесулер кезінде, ел аралағанда қасақана сондай мұқату әрекеттері алдан шығып отырды. Сонда Тоқтар Әубәкіровтің айтқаны бар.

 

Ә бөлігі

– Айналайын, халайық! Менің туған жерім, кіндік қаным тамған жер Қарағанды облысы екені рас. Бірақ мен ғарышқа осы жерден, мынау Байқоңырдан ұштым ғой. Менің жаңа паспортым бар! Менің мекенім – ғарыш, тұрағым – Қазақстан, туған жерім – Байқоңыр. Мен аспанға ұшып, аман-есен оралғанда табаным осы жерге тиді. Ана жаққа барып қайтқан адам жаңадан туған сәбидей емес пе?!. Сонда менің бұл жерге жаттығым қайсы? Біле білсек, қазаққа осы қазақтың жерінің бәрі – туған жер емес пе?!. – деп баяғы Қаз дауысты Қазыбек бабасы құсап таза қазақша сөз төгілткені бар.

 

Б бөлігі

Ұлттық тұтастық ұғымы әлі де болса талайдың санасынан сырт қалып жатыр ғой. Бүкіл түркі дүниесі ардақ тұтып отырған арда ұлға басқа өңірде тудың деп көзтүрткі жасауға ұмтылғандар ақыры жеңіліс тапты. Осындайда қазақтың намысы неге оянбай жатқанына қынжыласыз, еріксіз бас шайқайсыз.

 

1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.                                           

 

Осы үзіндіде не айтылды?

Келесі үзіндіде не айтылуы мүмкін?

 

 

 

 

Дескриптор:

Әр бөлікте не айтылғандығын тұжырымдайды;

Келесі үзіндіге болжам жасайды.

 

Бағалау. Жұптар өзара бір-бірін дескрипторға сүйене отырып, «бағдаршаммен» бағалайды.

1-тапсырма. Оқушыларға  мәтін беріледі. Мазмұнын талдайды.

1.Мәтіннің идеясын ашады.

2. Кейіпкер туралы ой қозғайды.

Жұптық жұмыс

Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ

 Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.

Көзіңді ашып-жұмғанша… Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін уақыт болады.

Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне әсте алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.

Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы зіл-батпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пәрша-пәршасын шығаруға шамасы жетер-ді….

 

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша 5 проблемалық сұрақ құрастыру. Топтар бір-бірімен сұрақтарын ауысады, жауап береді.

 

Мұғалімнің кері байланысы

 

Слайд 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

 

 

10мин

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма

«1 минуттық әңгіме» әдісі бойынша  «Тоқтар – тұңғыш қазақ ғарышкері» деген тақырыпта мақал-мәтелдер мен көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып,  өз пікіріңізді жеткізіңіз.

Мақал-мәтелдер:

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  Ерлік білекте емес, жүректе.

  Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.

  Ерлік – елге мұра, ұрпаққа — үлгі.

  Қаһарлы қамал бұзады.

  Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Дескриптор:

Тақырыпты аша алады;

Көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

1 минут уақытты ұстанады.

Бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен оқушылар өзара бір-бірін бағалайды. Мұғалімнің бақылауы мен кері байланысы.

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин

 

 

Кері байланыс

«3-2-1»

3- жаңа ақпарат

2- кездескен қиыншылық

1-ұнаған аспект

 

Үйге тапсырма:мақал-мәтелдерді жаттау

Слайд 4

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жеке оқушыларға көмек көрсетіледі. Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Оқушыларға  тапсырма орындауда  таңдау жасау мүмкіндігі беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларғажоғары деңгейлі сұрақтар ұсынылады.  

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс – тарих, физика

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *