Сәкен Ділдахмет киікті қорғау, Арал, қорықтар мен ұлттық парктер туралы

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамына кіреді. Комитеттің басты мақсаты – жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту, сақтау және қорғау, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жан-жануарларды қорғау жұмысымен айналысады. Жалпы айтар болсақ, Қазақстанның флорасы мен фаунасына жауапты мемлекеттік ұйымның бірі. Бұл комитетке 53 ведомстволық бағынысты ұйымдар кіреді, бұның ішінде ұлттық парктер мен қорықтар, резерваттар мен облыстық аумақтық инспекциялар, балық өсіру зауыттары, бұдан бөлек селекциялық және орман орналастыру мекемесі кіреді. Осындай өте үлкен еліміздің табиғи ресурстарын молайтумен айналысатын мекеме. – Жыл сайын «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы өтеді. Биылғы жылғы нәтиже қалай? Жалпы жыл сайынғы нәтижелерін салыстырып өтсеңіз… – Киік еліміздің 10 облысының аумағында мекен етеді. 2019 жылғы санақ бойынша киіктің басы – 334400 басты құрайды. Биыл сәуір айында санақ өткізуіміз керек еді. Бірақ карантинге байланысты күзге ауыстырдық. Қазақстанның қызыл кітабына енбеген, аңшылық түрге жататын, реттелетін жануар. 2023 жылға дейін киікті атуға тыйым салынды. Салынуының басты себептеріне тоқталып өтсек. 2015 жылы 200 мыңға жуық киік қырылып, саны күрт азайды. Киіктің санын молайту үшін мемлекет осындай мораторий жариялады. Орман шаруашылығы комитеті мен 14 облыстық аумақтың инспекциясы және «Охотзоопром» мекемесі киікті және Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғаумен айналысады. Биыл 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында Экология, геология және табиғи ресурстар және Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, «Киік» атты кең ауқымды табиғат қорғау акциясын бастады. Бұл акцияға орман шаруашылығы комитеті тарапынан 200 инспектор, 64 жоғарғы жылдамдықта жүретін автокөлік, 6 блок-пост, сонымен қатар 16 бірлік кунг, 5 бірлік мотоцикл және биыл қорғау жұмыстарына пилотсыз ұшатын аппараттарды қолданып жатырмыз. Негізгі мақсат – бұл акция кезінде киік мүйізіне деген сұранысты тыю. Қазіргі таңда киік мүйізінің контрабандалық жолмен шетел асып жатқаны үлкен проблемаға айналды. Бұл іспен айналысатын ұйымдасқан топтар бар, ауыл-аймақта киікті атып, мүйізін жинайтындар бар. Тіпті, қабырғаларға арнайы хабарлама іліп, әртүрлі сату сайттарында «киіктің мүйізін сатып аламыз» деген хабарламалар жарияланады. Осындай тізбектелген тірлікпен айналысатын азаматтарды анықтау мақсатында осы акция басталған болатын. Ішкі істер органдары өз құзіреті шебінде жұмыстарын атқарады. Шығыс медицинасында кеңінен қолданылғандықтан Ұлттық қауіпсіздік қызметі, оның ішіндегі шекара қызметі Қазақстанның шекарасынан контрабандалық жолмен шекарадан шығу фактілерін анықтайды. Акция басталғалы бері 6 киікті заңсыз сатудың браконьерлік фактісі тіркелді, 27 тушасы және 697 мүйізі тәркіленді. Қарап отырсақ, акция барысында осындай кең көлемді табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталуда. Кеше ғана Батыс Қазақстан облысында 200-ден аса киіктің мүйізін заңсыз сатқан азаматтар ұсталды.


© egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *