Қысқа мерзімді жоспар |
|
||||||
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) |
Мектеп: |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:. |
||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Судың тіршілік пайдасы |
||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.4.5.1 — тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер) |
||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді,ұсынылған ақпарат бойынша фактіні келтіреді Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі |
||||||
Бағалау критерийлері |
— мәтіннен бірге жазылатын сөздерді таба алады; -мәтінненбөлек жазылатын сөздерді таба алады; -мәтіннен дефис арқылы жазылатын сөздерді таба алады. |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: факт, көзқарас, тіршілік, су тасқыны Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар? 2.Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында су бар ма? 3. Су туралы нe білeміз? 4. Су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
|
||||||
Құндылықтарға баулу |
· «Мәңгілік ел» идеясындағы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» бағыты бойынша денсаулықты сақтай білуге үйрету және судың адам өміріне маңызды екендігін түсіндіру.
|
||||||
Пәнаралық Байланыстар |
Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы өзін-өзі танумен, география, биология пәнімен тығыз байланысты. |
||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Кәсіп – бақыттың шырағы,Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалыптасқан дағдылары мен білімдері |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
«Бақыт гүлі» жаттығуы Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда әдемі гүлді көріп тұрсыңдар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, өз тілегіңізді айтасыз.
1.Тыңдалым алдындағы тапсырма. 1.Жылт — жылт етеді — Қандай тақырып өтеміз? — Ол туралы не білесіңдер? — Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар? — Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында су бар ма? «Мозаика» әдісі арқылы бұлақ пен жаңбыр суретін құрастырып, 2 топқа бөлу. . |
1-4-слайд |
|||||
Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут
5 минут
|
Жазылым алдындағы тапсырма ЖЖ 1-қосымшада берілген бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер туралы ережені оқып талдайды. Жазылым тапсырмасы Оқушылар топта 2-қосымшада берілгенмәтінді оқиды.Әр топ өздеріне берілген шарт бойынша тапсырманы орындайды. 1-топтың тапсырмасы. Мәтіннен күрделі атауларды тауып, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз. — Міне, мынау –Арал теңізі. — Ғажап! Өзі қандай көк! — Дүние жүзіндегі таза теңіздің бірі дейді. — Иә, Эгей теңізінен кейінгі таза теңіз осы көрінеді ғой. — Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр, бассаң, сықыр-сықыр етеді…(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Дескриптор: — бөлек жазылатын сөздерді табады;
— жазылу ерекшелігін түсіндіреді. Су — тіршілік көзі», «Су тасқыны» бейнематериалын тыңдату.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
1 – тапсырма
ТЖ. Бейнематериалды мұқият тыңдап, «Үш қадам» әдісі
бойынша сұрақтар дайындаңдар, тірек сөздерді анықтап, жоспар
құрыңдар.
2 — тапсырма
«Пікір сызығы» әдісі
«Судың пайдасы көп», «Судың пайдасынан зияны көп», «50/50»
деген тараптарға бөлініп, өз пікірлеріңді қорғаңдар.
3- тапсырма
«Әңгімелесетін әріптестер» әдісі
* Судың пайдасы мен зияны туралы 3 факт келтіріңдер; *Факті мен көзқарастың айырмашылығы туралы 3 сөйлем айтыңдар. Дескриптор: — дефис арқылы жазылатын сөздерді табады; — жазылу ерекшелігін түсіндіреді. Жазылымнан кейінгі тапсырма «ИӘ» «ЖОҚ» Дұрыс жауапқа «ИӘ» деп, бұрыс жауапқа «ЖОҚ» деп жауап беру керек. 1) қос сөздер сызықша арқылы жазылады (ЖОҚ) 2) біріккен сөздер бірге жазылады (ИӘ) 3) күрделі атаулар бірге жазылады (ЖОҚ) 4) «Қан мен тер» романында Арал теңізінің балықшылары туралы баяндалады (ИӘ) 5) дефис арқылы жазылатын — қос сөздер (ИӘ) Жеке жұмыс Мақалды толықтырып, көшіріп жазыңдар. 1) Ақ болса, ақ көп. 2) Су анасы , сөз анасы . 3) байлық алты айлық. байлық үш айлық.
|
5-слайд
6-слайд
http://kitap.kz/reader/qan_men_ter_i_kitap
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан үзінді
7-слайд
8-слайд
9-слайд
|
|||||
Сабақтың соңы
10 минут
|
Кері байланыс Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді: Мына … топтағы оқушылардың бөлек жазылатын сөздер туралы жауаптары толық болды. Мына … топтағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек. — Мына топтағы оқушылар мәтіннен біріккен сөздердің емлесі бойынша нақты жауап берді. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушылар өзіндік бағалау жасайды. Рефлексия — мен білемін; — мен түсінемін; — мен жаза аламын. |
10-слайд |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |