Мифологиялық мектеп— 19 ғасырда неміс романтиктері идеялары негізінде пайда болған әдебиет тану мен фольклористикадағы ағым. Мифологиялық мектептің философиялық негізі мифологияны <<табиғи дін>> деп таныған Ф.В.Шеллинг пен ағайынды А. және Ф.Шлегельдердің эстетикалық көзқарасына байланысты туады. Мифологиялық мектеп бағытымен алғаш жазылған үлкен еңбек -ағайында В. және Я.Гриммнің <<Неміс мифологиясы>> .Мифологиялық мектеп Европада Германия, Англия, Италия, Франция, Швейцария, Ресей т.б. елдерге тарады.