САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
Бөлім ата: |
Тарихи тұлғалар тағылымы. |
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Махамбеттің тарихи тұлғасы |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.4.3.1 — жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу 8.5.1.5 — демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. |
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
— Символ мен кейіптеу туралы білімдерін кеңейту; — Жазба жұмыстарында оларды қолдану дағдыларын арттыру; — Шылаулардың айырмашылықтарын ажырата отырып, орынды қолдануға бағыттау |
|||||||
Бағалау критерийлері |
— жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазады; — демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін ажырата отырып, жазба жұмыстарда орынды қолданады. |
|||||||
Дескрипторлар |
1. Жазба жұмысында символдық белгі қолдана алады. 2. Кейіптеуді орынды қолданады. 3. Шылаудың түрлерін жазылымда ұтымды пайдаланады. |
|||||||
Құндылықтар |
Ашықтық, ұлттық құндылық, өзара ынтымақтастық, достық, татулық |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, өзін-өзі тану |
|||||||
АКТ дағдылары |
Слайд, онлайн-сөздік, Т.Әлімқұлова «Қараой» әңгімесі |
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Өткен сабақтардағы оқушының білім-білік дағдыларының артуы, тілдік қолданыстары, сөздік қорларының дамуы |
|||||||
Тілдік міндеттер |
Тілдік дағдыларға қатысты терминдер: символ (белгі), әдеби теориялық ұғымдар, кейіптеу ұғымы шылаудың түрлері, емлесі, демеулік, күшейткіш демеулігі, сұраулық демеулігі, Жазылым дағдыларын дамытудағы тілдік қолданыстар: — ҚЫРАН, ДАУЫЛПАЗ — тау-тас та қайғырды, аспан жылады, тылсым табиғат мүлгіп тыңдады, аспан қаһарын төкті т,б — ба, бе, ше, ма, ме, -ақ, -ай, та |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||
Сабақтың басы
5мин |
Оқушылардың қызығушылығын ояту Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру Символ және кейіптеу туралы білімдерін еске түсіру — Қандай символдарды білесіздер? — Мысалдар келтіріп, оның қандай қасиетіне байланысты символ атанғанын қалай түсіндірер едіңіз? (аққу – махаббаттың, пәктіктің, адалдықтың, қос ғашықтың символы, өйткені олар әрқашан бірге ұшады, бірге қонады, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды) — Кейіптеу дегеніміз не? — Қандай мысалдар келтірер едіңіз? Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, қосымша түсінік беру |
Слайд 1
http://emirb.org/bbk-83-3-5-az-s-94-azastan-respublikasi.html?page=8
https://kk.wikipedia.org/wiki/Кейіптеу
|
||||||
Сабақтың ортасы
5+2мин
10 мин
15+5 мин
|
Махамбет Өтемісұлының батырлығын, ерлігін өткен сабақтарда талдадық, «Қараой» әңгімесімен таныстық. Оқушылар 2 топта жұмыс жасайды.
Оқушылар оқыған Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, Махамбет батырдың бейнесін ашады. Кластер жасайды. Сұрақтар: Махамбеттің жалғыздық зарын тартқанына неше жыл болды? Махамбет отбасында қандай адам? Махамбетті мазалаған қандай ойлар? Махамбеттің қобалжу себебі не еді? Махамбетке қастандық жасаған кім? Махамбеттің ақырғы үні мен ақырғы ойы не еді?
1-тапсырма 1-топқа сұрақ: — Махамбеттің ерекшелігі мен қасиеттеріне қарай отырып, оны қандай символға сәйкестендірер едіңіздер? (қырағылық – Қыран құс, мықтылық – Бүркіт, жүйрік ақындығы – Тұлпар, Дауылпаз, Дүлдүл) 2-топқа сұрақ: — Махамбетті, оның ерлігін, қайғылы өлімін сипаттау үшін қандай кейіптеу қолданар едіңіз. (ол өмірге келгенде қабағын түйген аспан көңілденіп, күннің көзі күлімдеді. Оның Исатайды жоқтаған өлеңіне табиғат біткен қайғырып, тұнжырады. т.б ) 2-тапсырма Өткен сабақтарда қарастырған демеулік шылаулардың түрлері мен қызметін еске түсіру
1-топ: Күшейткіш демеулігінің ерекшелігіне зерттеу жасаңыздар, сызба арқылы түсіндіріңіздер. 2-топ: Сұраулық демеуліктердің ерекшеліктерін зерттеңіздер, кесте арқылы түсіндіріңіздер.
Топтар жұмыстарын таныстырып, қорғайды. 3-тапсырма «Мен, мен едім, мен едім Еңіреп жүрген ер едім…..» тақырыбында Махамбет туралы әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеңізге символ, кейіптеу элеметтерін және шылаудың түрлерін қолданыңыз. (80-100 сөз) . дескрипторлар негізінде оқушылар «3-2-1» әдісі арқылы бағалайды. (3 ұтымды-2 ұсыныс-1 сұрақ) Жазылымалдындағы тапсырма: «Бұрыш» стратегиясы Төмендегі пікірлер сыныптың қабырғасына ілінеді: «Махамбет — азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан, өр тұлғалы ақын. Себебі…» «Ағайынның алауыздығы, сүйекке сіңген күндестік ұлт қасіреті. Себебі …» Оқушылар берілген тұжырымдардың бірін таңдап, өз көзқарасын дәлелдеуі үшін шығармадан аргументтер ұсынады. Ф.бағалау. Оқушылардың кері байланысы. Жазылым тапсырмасы: Оқушыларға эссе тақырыбы беріледі. Эссе құрылымын сақтай отырып, өз ойын білдіріп эссе жазады. «Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға» Ф.бағалау. Дескрипторлар арқылы бағаланады. Эссенің кіріспесі бар. Негізгі бөлімі бар. Аргументтер келтіреді. Сұраулық, күшейткіш шылауларды орынды қолданады. Қорытындысы бар. Жазылымнан кейінгі тапсырма: Сынып талдауы: Жақсы эссе жаза алдық па?- деген сұрақтың төңірегінді талдау жүргізеді. Жақсы жазылған эсселерді таңдап, сынып қабырғасына іледі.
Мұғалімнің кері байланысы (қажет болған жағдайда) |
Т.Әлімқұлов «Қараой»
https://kk.wikipedia.org/wiki/Демеулік
Слайд 2
|
||||||
Сабақтың соңы 3мин
|
Кері байланыс. Оқушылар «Пирамида» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Үйге тапсырма. Шыхлаудың түрлерін қайталап келу |
Слайд 4 Кері байланыс парағы |
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||
Дифференциация тапсырмаларда көрініс табады, Оқушылар жеке жұмыс та, , топпен жұмыс та жасайды. Жоғары деңгейлі оқушылар топта қолдау көрсетеді.
|
Әр тапсырмадан соң бірін-бір бағалайды,топтардың бағалауы және мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау іске асырылады. |
Пәнаралық байланыс – өзін-өзі тану пәнімен байланыс көрінеді. АКТ — оқушыларға сабақ презентациясыа қатысты мәлімет үшін пайдаланылады. Құныдылықтар оқушы жұмысында көрініс табады, талдайды, байланыстырады, салыстырады. |
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||
Рахмет! өте жақсы құрастырылған сабақ