Күн жүйесі

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстан — Байқоңыр-Ғарыш.

Сабақтың тақырыбы

Күн жүйесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.1.1 — мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

Сабақтың мақсаттары

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды, мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дескрипторлар

2-мәтін.

Мәтін бөліктерін ретімен қояды.

Көп нүктенің орнына сөздерді қояды.

Құндылықтар

Елді, жерді сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктері

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғарыш әлемі

Тілдік міндеттер

Сөздік жұмысы. (тұспа- тұс келу- қатар келу; жедел түрде- тез арада; бекітілу- , сүрінбей өту-кедергісіз өту; ғарыш кеңістігі, ғарышқа жол тарту- ғарышқа ұшу;

 

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5 мин

Ұйымдастыру.

Тақырыпты болжап көр!

тұңғыш

РОТҚТА

Қарағанды

1991

Оңғарбай

7 тәулік

Сабақтың тақырыбы анықталып, оқушылар тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы білетіндерін ортаға салады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері талданады.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

30 мин

 

Тыңдалым алды тапсырмасы:

Сөздік жұмысы. (тұспа- тұс келу- қатар келу; жедел түрде- тез арада; бекітілу- , сүрінбей өту-кедергісіз өту; ғарыш кеңістігі, ғарышқа жол тарту- ғарышқа ұшу;

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып,сөйлемді  

толықтыру. Қойған сөзін қазақ, орыс   тілдеріне аудару. 

Карточкамен  жұмыс.   

1. Күнді эллипстік орбиталар бойымен тоғыз………..айналып  

жүреді.(Ғаламшар-планета)   

2.Ғаламшарды топқа бөлу……..(Топтастыру-классификация)   

3……..планетасында атмосферада ,бұлтта болмайды.(Меркурий-Болпан  

немесе Кіші Шолпан)   

4.Жасанды серіктері бар планета……..(Шолпан –Венера)   

5……….өзге планеталардан ерекше,бұл планетада  гидросфера қабықшасы  

бар .(Жер-Земля)   

6………ұсақ мұз түйіршіктерінен тұратынын пайымдауға болады.(Қызыл  

жұлдыз немесе Аңырақай-Марс)   

7………….300 жылдан бері бақыланып келеді.(Есекқырған-Юпитер)   

8.Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы ……..(Ергежейлі-Плутон)   

9…..30 жыл ішінде күнді бір рет айналып шығады (Қоңырақай-Сатурн)   

10.Жер өз осін бір……бір рет айналады.(Тәулік-Сутки)

Тыңдалым тапсырмасы:

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі  

сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталу керек.   

1.Серік,Нептун,Марс,Есекқырған,Карме,Наутик   

Марс-Серік-Карме-Есекқырған-Нептун-Наутик   

Олдрин,Ракета,Ергежей,Юпитер,Ананке,Ио   

Юпитер-Ракета-Ананке –Ергежей-Ио-Олдрин   

Ф. бағалау. (Мұғалім дұрыс жауаптарды тақтадан көрсетеді, оқушылар өзін өзі тексеріп, бағалайды).

 Жұптық жұмыс

1 мәтін

Оқушылар мәтінді  бірнеше рет тыңдайды.  Мұғалімнің көмегімен түсініксіз сөздердің мағынасын түсінеді.

Қазақстандық  ғарышкерлердің ғарышқа баруы, электронды есептеуіш машиналардың – компьютерлердің қарыштап дамуы, спутниктік байланыстардың  мүмкіндігі артуы,  бүкіл дүние жүзілік өрмек – интернеттің  пайда болуы т.б жаңалықтар жатады.

 Жалпы физика-астрономия  жаратылыстану  пәндеріне жатады. Физика  табиғат құбылыстарының болу себептерін зерттейді, ал астрономия пәні аспан денелерін зерттейді.

 «Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда  тарихта «екінші ұстаз» аталған  біздің ұлы бабамыз- Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.Орыс тіліне алғаш енгізген орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов.

Ал  «астрономия» сөзі де грек сөзі, «астрон» — жұлдыз, номос — заң дегенді білдіреді. Астрономия  ғылымының  негізін салған Коперник,  Исаак Ньютон,  Галлилео Галлилей, Кеплер деп айтамыз.

 

 

2 мәтін

Тоқтар ғарышқа ұшып, аман-есен елге оралған соң , туған жеріне келді. Қарқаралы халқы хан сықылды күтіп алды. Содан осындағы “Шайтанкөлге” келдік. Ол мұнда келген бетте дереу шешінді де суға қойып кетті. Ай-хой, ой-хой деп ары-бері әбден жүзді. Туған жерін сағынған ғой деп біз де еміреніп жатырмыз.

Содан не керек, оның арты қиын бір жағдайға ұласты. Ертесіне ғарышкердің денесінде адам көргісіз бір жаралар пайда болды. Дереу дәрігерлер қарай бастады. Жақпаған мазь жоқ. Кетер емес. Жағдайдан Алматы құлақтанса керек, апыл-ғұпыл Тоқтарды сонда алып кетті. Сізге өтірік, маған шын, жаңағы жара оңайлықпен жазыла қоймады.

Бір күні Тоқтар түс көріпті. Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды бір ақсақал “Әй, Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!” десе керек. Содан Тоқтар Қарқаралыға дәрігерлердің қарсылығына қарамай салып-ұрып жетіп келеді. Келе сала осы “Шайтанкөлге” беттейді. Жоғары көтеріліп, көлді көре сала “Ассалаумағалейкүм” деп амандасады. Бір түн түнейді. Түсінде манағы шал ырза кейіпте көрініп, Тоқтардың үсті-басын қолмен бір сипап өтеді. Қанша мықты дәрігер емін таба алмай, жаза алмай қойған әлгі жара  әп-сәтте жоқ боп кетеді. Тоқтар құлан-таза айығып шыға келеді. Ғарышкерлердің денсаулығын қарайтын дәрігерлер аң-таң деседі. 

(Нұртөре Жүсіптің «Қыран қазақ» деректі әңгімесінен үзінді)

Тапсырмалар:

1.Мәтін бөліктерін ретімен орналастыр.

А) Түс көру және құлан таза айығу.

В) Ғарышкер денесінде пайда болған жаралар.

С) Шайтанкөлге шомылу.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.

Ертесіне ғарышкердің денесінде адам көргісіз бір …… пайда болды.

Қанша мықты …… емін таба алмай, жаза алмай қойған әлгі жара  әп-сәтте жоқ боп кетеді.

Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды бір ақсақал ……. десе керек.

Ф. бағалау. Оқушылар бірінбірі дескрипторлар арқылы бағалайды.

Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме)

 

Тыңдалым мәтіні 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалым мәтіні 2

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

 

Кері байланыс

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

 

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

           

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *