САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Балықшылар өмірі |
||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.3.5.1 — қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау. |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушыларға көркем әдеби шығарманың үзіндісін оқыту арқылы сөздік қорын арттыру. Синоним сөздерді еске түсіру, сөйлемде қолдану. Оқушыларды Әбдіжәміл Нүрпейісовтіңөмір жолымен таныстырып, «Балықшылар» еңбегінің мазмұнын меңгерту. |
||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Ø Қосымша ақпарат көздерінен ақпараттарды алады; Ø ақпараттарды тілдесімде қолданады; Ø мәтінге өзгерістер енгізеді; Ø ерекшеліктерін бақылайды. |
||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: балықшылар ауылы, теңіз, ауа-райы, кедейлік пен жоқшылық, қиын тұрмыстық жағдай. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: асын ішкелі жатыр екен, арпалысып, шаршаған, тыңдады, бір кезде, кедейлік, қажырлы, күні ұзағына, кеудесіне, тыныш жатқан, болжады. |
||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалыптасқан дағдылары мен білімдері |
||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
7 минут
|
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар мақалдардың сыңарын табады, мағынасын ашады. Мақалдар бөлігі арқылы жұпқа бірігеді.
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысады. |
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут
8 минут
|
Әбдіжәміл Нүрпейісов – Арал теңізінің жағасында дүниеге келген. «Күткен күн», «Курляндия» романдары және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Арал балықшыларының ХХ ғасыр басындағы Қазан төңкерісі жылдарындағы қазақ ауылының ауыр өмірін, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман – мұраты ерекше образдар арқылы айқын бейнеленген. Мәселен, Еламан,Тәңірберген, Ақбала, Судыр, Ахмет, Қаратаз, Құдайменде т.б әр түрлі кейіпкерлер арқылы әрі отаршылық, әрі әлеуметтік қыспаққа түскен қарапайым қалың елдің тыныс – тіршілігі айтылған. Оқушылар енді « Балақшылар» шығармасын оқиық. Сұрақ – жауап: 1)Шығарма не жөнінде айтылған? 2)Балықшыларға Андрей қандай қасиеттерімен ұнайды? 3)Еламанның Федоровты өлтіру себебі неде деп ойлайсыңдар?
Сөздікпен жұмыс:
Репті – Қаратаз- Үркердей үйіріп – І – тапсырма: Кейіпкерлерді топтастырыңдар.
Кейіпкерлер
ІІ – тапсырма: « Балықшылар » әңгімесіне сатылай кешенді талдау: 1. Шығарманың басталуы: 2. Шиеленісуі: 3. Шарықтау шегі: 4. Шешуі: 5. Қорытынды:
ІІІ – тапсырма: Еламан мен Феодоровқа мінездеме беріңдер.
Оқылымалды тапсырма, сұраққа жауап беру. -Балалар, қалай ойлайсыздар, теңіздің адамзаттың тұрмыс- тіршілігінде алатын орны қандай? Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім жетеулеші сұрақтарды әрі қарай қоюына болады. Оқылым тапсырмасы Мәтінді оқыңыз, мәтіндегі қара сөздерді басқа сөздермен қалай айтуға болады? Сөздер мен сөз тіркестерін синонимдермен мағыналас немесе балама сөздермен ауыстырып, сөйлемдерді қайта жазыңыз. …Осы оймен Еламан балықшылар аулының шетіне кірді. Көп үй кешкі асын алдына алыпты. Кей үйден күні бойы теңіз үстінің көк толқынымен алысып титығы құрып қайтқан кісілердің қалжыраған қарлығыңқы даусы естіледі. Тек осы ауылдағы ең үлкен үйдің есігі алдынан өте бергенде Еламан домбыра сағағында қылқылдаған әлдебір күйге құлағын тікті. Құдай біледі, мынау кешегі Тілеу-Қабақ байының жалғыз баласы Әли. Бір кезде бұлғақтаған мырза кешегі шапқыншылықта қыруар малы қолды боп, бір сәттежоқшылық басына түскесін, қайратты жігіт қара жұмысқа қос ескек,бір таяуды алып, қара қайыққа отырды. Кәзір бұ да балықшы. Күні бойы ескек тартып екі қары салдырап қайтқан жігіт бауырына қысып алған кішкентай жиде домбыраның екі шегін бебеулетіп отыр. …Ертеңіне Еламан ерте тұрды. Жел көтеріліпті. Түнімен шырадай тынып жатқан теңіз қазір таңмен таласа білінген аңғардың азанғы қатқыл желіне жынданып, дөңбектей ауыр толқындар аударылып-төңкеріліп жатыр екен. Еламан «дауыл болады-ау, сірә» деп топшылады. (139 сөз)
Қажетті сөздер:асын ішкелі жатыр екен, арпалысып, шаршаған, тыңдады, бір кезде, кедейлік, қажырлы, күні ұзағына, кеудесіне, тыныш жатқан, болжады. Оқушылардың тілдік ерекшелігіне қарай дифференцияациялап ұсынылады.
Дескрипторлар: Ø Мәтіндегі сөздердің мағынасын біледі; Ø Сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін табады; Ø Сөйлемдерді түрлендіріп қайта жазады.
Бағалау Оқушылар дәптерлерін бір-біріне жылжыта отырып, тексереді. Шартты белгілер арқылы бағалайды. + дұрыс, — қате, v ұсынысым бар Оқушылар ұсыныстарын ауызша айтады, тексерген жұмыстары бойынша пікір айтады. Бекіту. 1. Балықшылар тұрмысы қалай суреттелген? 2. Мөңке үйінің күйін сипаттау арқылы жазушының айтпақ ойы не? 3. Ауру бала халі мәтінде қалай суреттелген? 4. Андрейдің сипатталған тұрмысын мәтіннен тап, Андрей ісін қалай бағалайсың? 5. Федоровты Еламан не үшін өлтірді деп ойлайсың?
|
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1005-qan_men_ter_i_kitap 679-680 бет |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 минут
|
Табыс баспалдағы Оқушылар өздерінің қай сатыда екенін белгілейді 1. Сөздік қорым артты. 2. Тілдесімде қолданамын. 3. Түрлендіре аламын. |
|
|||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
|||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|||||||||||||||||||||||||