Аң аулау тәсілдері

Бөлімі:

2-бөлім:Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы.

Мектеп:

 

 

Күні:

 

Мұғалімніңаты-жөні:

 

 

Сынып:

8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Аң аулау тәсілдері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.4.2.1 — эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

Сабақтың мақсаты

«Аң  аулау тәсілдері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін, өз ара сөйлесуін қалыптастырып,аңшылардың атауларымен, аңшлықтың мақсатына қарай түрлерімен таныстыру. 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы 

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады

 

№ 1

 

Берілген үзінді бойынша екі сұрақ құрады

Эссе құрылымын сақтайды

Мәселені шешу жолдарын ұсынады

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер:

жұмыссыздық, дағдарыс, серпінді даму, көзін табу, «жетім бұрыш»

 

Құндылықтар

      Құрмет;

      Ашықтық;

      Өмір бойы білім алу;

      Ынтымақтастық.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Улан – Удэдегіқойтерісінқабалдайтынөндірісорнытуралыақпаратhttp://ukr-shinshilla.com.ua

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды  демонстрациялауға қолданылады.

Өмірменбайланыс

Қойтерісіненнелержасалады?

Пәнаралықбайланыс

Тарих, әдебиеттану

Алдыңғыбілім

О3. Көркем шығармаларды оқу

Сабақбарысы

Жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланғаніс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

 

Қызығушылықты ояту:

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашыңыздар. Бүгінгі мақалдардың бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы барын анықтаңыздар.

 

Еңбегі аздың өнбегі аз.

 

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

 

Еңбегі көптің өнбегі көп.

Еңбегімен ер сыйлы,

Өнбегімен жер сыйлы.

 

Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

 

Еңбегінен ел таныр.

 

Еңбегің болмаса елге өкпелеме,

Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

 

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.

https://massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

32минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану кезеңі.

Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі: 
1. Саятшы — қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. 
2. Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. 
3. Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. 
4. Моршы — түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды. 

-Жаңа тақырыпты меңгеру үшін бізге жаңа сөздер керек. Ендеше бүгінгі сабағымыздың жаңа сөздерімен танысып алайық. Тақтада жазылған сөздерге назар аударыңдар (мұғалім дауыстап оқып шығады, балалар қайталайды, кезектесіп қазақша-орысша сөздерді айтады, сөздермен сөз тіркес немесе сөйлемдер құрастырады). 
Сөздікпен жұмыс. 
Аңшы-охотник 
Аңшылық-охота 
Кәсіптік-профессиональный 
Құсбегі –дрессировщик птиц 
Әуесқой-любительский 
Шек қойылады-устанавливаются ограничения 
Ұрпақтан-ұрпаққа-из поколения в поколение 
Өнім-продукция 

өздерді дәптерге жазғызу. 
Мәтінмен жұмыс. 
Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру арқылы түсінгендіктерін анықтау . 
Аңшылық. 
Аңшылық- жануарларды, аңдарды аулау кәсібі. Аң аулау дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған.Аңшылықты жақсы меңгерген мамандарды аңшы, аңкөс, құсбегі, бүркітші, қағушы дейді. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылық – аңдар мен құстардан ет, тері, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Спорттық-әуесқойлық аңшылық -аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғатта дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылық- аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту. 

(мұғалім мәтінмен оқушыларды таныстырып өтеді, оқушылар өздері бір рет оқып шығады, бір-екі оқушы мәтінді дауыстап оқиды). 

-Енді, балалар, мәтінді пайдаланып сұрақтарға жауап берейік(оқушылар ауызша жауап береді). 
1.Аңшылық қандай кәсіп? 
2.Аңшылықты жақсы меңгерген адамды қалай атайды? 
3.Аңшылықтың мақсатына қарай түрлері қандай ? 
4.Кәсіптік аңшылықтың мақсаты не? 
5.Спорттық –әуесқойлық аңшылық дегеніміз не? 
6.Ғылыми аңшылықтың мақсаты қандай? 
ІҮ.Сабақты бекіту. 
Тақтамен жұмыс. 
Тапсырма.Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, септік жалғауларын анықтап белглеңдер. 
Аңшылық — … аулау кәсібі. Аң аулау дәстүрлері … жалғасып дамыған. Аңшылықты жақсы меңгерген адамды … дейді. … аңшылық- аңдар мен құстардан ет, тері, мүйіз өнімдерін алу. … аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. . … аңшылықтың мақсаты аңдар мен құстардың сан мөлшерін көбейту. 
Керекті сөздер:ғылыми, жануарларын, кәсіби, ұпақтан-ұрпаққа, аңшы, әуесқой. 
Аңшылық — жануарларды аулау кәсібі. Аң аулау дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып дамыған. Аңшылықты жақсы меңгерген адамды аңшы дейді. Кәсіптік аңшылық- аңдар мен құстардан ет, тері, мүйіз өнімдерін алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. . Ғылыми аңшылықтың мақсаты аңдар мен құстардың сан мөлшерін көбейту. 

Топтық жұмыс

Қазір,балалар, кімге аңдар , кімге құстар, кімге үй жануарлары көбірек ұнайтынын көрейік. Құстар ұнайтындар бірінші топ, аңдар ұнайтындар екінші топ, үй жануарлары ұнайтындар үшінші топ болады. Балалар, Қазақстанның сирек кездесетін жануарларын білесіңдер ме? (елік, бұғы, арқар т.б.) .Мына суреттерге қараңдар. Бұл суреттердегі аңдар Қазақстанда сирек кездеседі, сондықтан оларды аулауға тыйым салынған.Оларды қорғау, аялау керек. Сол аңдар туралы сендер қазір мәтінді оқып , берілген тапсырманы орындайсыңдар( әр топқа белгілі бір тапсырма беріледі). 
Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды. 
1 топ. 
Мәтінді оқып , суреттеп әңгімелеңдер. 
Елік- сүтқоректі жануар. Қазақстанда Сібір түр тармағы кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Елік Іле, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Тарбағатайда және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жеміс-жидек және өсімдіктермен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. 
( Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет) 
2 топ. 
Мәтінді оқып, суреттеп әңгімелеңдер. 
Бұлан — бұғы тұқымдасына жататын ең ірі аң. Дене тұрқы 3 м-ге, салмағы 570 — 630 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен. Мүйізінің салмағы 20 кг-дай. Аяқтары ұзын, қалың қарда, батпақты жерде жүруге бейімделген. Бұлан Еуразияда кеңінен тараған. Тарихи деректер бойынша, Бұлан Қазақстанның орманды-даласында мекендейді. Қазіргі кезде Қазақстанның солтүстік орманды-далалы аймақтарында 3 — 3,5 мыңдай бұлан кездеседі. Бұлан қыста тал, көктерек, қайың, т.б. ағаштардың бұтағын, қабығын, қынаны, ал жазда көптеген шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сүті өте майлы, шипалы қасиеті бар. Еті, терісі пайдалы. ТМД елдерінде Бұланды атуға тыйым салынған, ол арнайы қорықтарда өсіріледі. 
( Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет) 
3 топ. 
Мәтінді оқып, суреттеп әңгімелеңдер. 
Арқар — сүтқоректі жануар. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см, салмағы 25230 кг. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Таралуы: Жерорта теңізі, орта Азия. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон, үстірт арқары . Саны азаюда. 7 түршесі Қызыл кітапқа енгізілген.Қазақстанның таулы жерлерін мекендейді. Дене тұрқы 160-168 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар — биік тауларда тіршілік етіп аязға өте төзімді жануар. Арқар бағалы аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған. 

Жұппенжұмыс

Тапсырма: Осы үзіндіні оқып, екі сұрақ дайындаңыз. 

…Бұл ауыл – ежелден малды ауыл. Тіпті революцияға дейін бұл жердің аты малмен шыққан. Малы көп болған соң бұл арадан ет комбинаты салынған. Ет комбинаты саланған соң, әрине, тері илейтін комбинаттың қажеттілігі келіп туатыны белгілі. Сөйтіп, бұл жерден алғаш рет тері илейтін шеберхана ашылды. Сол шеберхана Қазақстандағы тері өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы боп шығады да, бертін келе еліміздегі ең ірі комбинаттардың біріне айналады. Былтырғы жылы сол комбинаттың жүзжылқы мерекесіне аудан, облыс, қала берді республика боп қызу дайындалды. Дайындық үстінде комбинат жұмысшыларымен әртүрлі кездесулер радио, телехабар ұйымдастырылып, артистер мен жазушылар да келе бастады. Сондай кездесулердің бірінде Алматыдан келген бір жазушы мінбеге шығып алып: «Біз еңбек адамдарын құрметтеуді ұмытып барамыз. Біз қарапайым жұмысшыға тағзым етуіміз керек. Осы комбинаттың іргетасын қалаған кім? Алғашқы шеберхананың иесі кім? Сол алғашқы тері илеушіні тауып алып, оған комбинат алдына ескерткіш қою керек. Бұл қарапайым еңбек адамына деген құрмет болады» деген…

(Д. Исабековтің «Ескерткіш» әңгімесінен үзінді)

 

 

Жеке жұмыс

«Егер жұмыс істеуге ықылас болмаса — Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниеде жұмыс жоқ. Істің көзін тапқандар жасап жатыр. «Жұмыс жоқ» деген адамның өзі негізі жалқау немесе пассив. Қысқасы, қай жерде де адамның өзіне байланысты» деген пікірмен келісесіз бе/келіспейсіз бе? Осы тақырыпқа эссе жазыңыз. Сөз көлемі-100-120.

 

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мұғалімнің кері байланыс беріледі, бағаланады.

 

 

https://newskz.wordpress.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://adebiportal.kz/

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Сабақты қорытындылау.

Мақсатқа жету жолында қандай қиындықтар туды?

Ол қиындықтарды қалай шешу керек?

 

Сабақта саралау тапсырмалары болды  ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? 

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы  саралау дұрыс өтті ме? 

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

 

 

 

 

 

 

 

Жалпыбағалау

 

 

Қандайекіаспектжақсыөтті? (оқыту мен білім беру туралыойланыңыз)

1:

 

2:

 

Сабақтыжақсартуға не себепболатынеді? (оқыту мен білім беру туралыойланыңыз)

1:

 

2:

 

Сабақбарысындасыныптыңжетістігітуралы не ойладым/ жекеоқушылардыңқиындығы, келесісабақтарда неге назараударуқажет?

Один комментарий к “Аң аулау тәсілдері”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *