Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары

Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары»Мұрын жырау Сеңгірбаевтан жазып алынған «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова хатқа түсіріп, Д.Сеңгірбаев тексеруінен өткен. 7–8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған эпикалық туындының басты ерекшелігі – тарихилығы. Жырдың генеологиялық негізде топтастырылуы соның көрінісі.

Аңшыбай, Бабай Түкті, Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадин, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази – бәрі де бір ата-тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық-эпикалық желіге құрылса да, өзге салаларының тарихилығы үстем. Тоқтамыс, Сәтемір, Ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан – тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың этносы сипаты да айқын: ноғайлы – сол тұстағы түркі тайпаларының этн. бірлестігіне тән суперэтноним болса, қалмақ пен қызылбас аллоэтнонимдері – қазақ халқының эпикалық жауларына тән атаулар. Жырдың тарихи-этнос арқауы ондағы толып жатқан ономастик. атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш, т.б.). Осының бәрі жырдың тараған аймағы, географиялық шегін де айқындап тұрған мәліметтер. Жыр нұсқасы ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының Қолжазбалар қорында сақтаулы (№667 папка), 1989 ж. «Батырлар жырының» 5-томында толық жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *