Қысқа мерзімді жоспар |
|
|||||||
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) |
Мектеп: |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 8 |
|
Қатыспағандар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Арал теңізі |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.4.5.1 — тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер) |
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесін білу, қолдану |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді таба алады; Мәтінненбөлек жазылатын сөздерді таба алады; — Арал теңізі туралы білімдері толығады. Сұрақтарды талқылауға қатыса алады, бір – бірін тыңдай біледі; Жалпы ой – өрісі дамып, сабақтың тәрбиелік мәні ұлғаяды. Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: Арал теңізі Теңіз түбі Көлқора Бозбие Тау-тау үйілген балық Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің байқағаным,… Менің ойымша,… Мен ойлаймын… |
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалыптасқан дағдылары мен білімдері |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||
Сабақтың басы
5 минут
|
Сабақты ұйымдастыру Мұғалім сабақтың т(ақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Оқушыларды санау арқылы үш топқа бөледі. |
1-4-слайд |
||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут
5 минут
|
Жазылым алдындағы тапсырма Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы. Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүние жүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960-ыншы жылдары Совет Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең
басты 2 өзен — Сырдария мен Амудариянының суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – 20-сыншы ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге қақ бөлінді. Оқушылар топта 2-қосымшада берілгенмәтінді оқиды.Әр топ өздеріне берілген шарт бойынша тапсырманы орындайды. 1-топтың тапсырмасы. Мәтіннен күрделі атауларды тауып, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз. — Міне, мынау –Арал теңізі. — Ғажап! Өзі қандай көк! — Дүние жүзіндегі таза теңіздің бірі дейді. — Иә, Эгей теңізінен кейінгі таза теңіз осы көрінеді ғой. — Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр, бассаң, сықыр-сықыр етеді…(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Дескриптор: — бөлек жазылатын сөздерді табады; — жазылу ерекшелігін түсіндіреді. 2-топтың тапсырмасы.Мәтіннен біріккен сөздерді ажыратып, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз.
Әуелі бұлар Көлқораның, онан бекіре, қаяз жүретін дәмелі қайырым еді деп Бозбиенің тұсын сүзді. Балық аз түсіпті, әрі тайызға салған аудың арқалығы мұзға жабысып қалыпты. Еламан он шақты қылыш балықты кендір жіпке сағалығынан тізіп алған. Шәугім бас сары сазанды қапқа салды. Бүгін, әсіресе, түске қарай күн қатты жылып, тоң балықтар су бетіне қалқып шықты. Сөйтіп жүргенде Қаражардың астындағы қайырымнан балыққа қарық болды. Түс ауа әлсіз мұздың әр жерінен жарық шығып, бұлардың көп балығы теңізге кетті.(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Дескриптор: — бірге жазылатын сөздерді табады;
— жазылу ерекшелігін түсіндіреді. 3-топтың тапсырмасы.Мәтіннен қос сөздерді ажыратыңыз, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз. Кәлен мен Мәңке үйге қайтпапты. Қасында бес-алты кісі. Тау-тау боп үйілген балықтың басы-қасында жүр екен. Бәрінің де иіні түсіп кеткен. Көктем күні шұғыл жылып, қар еріп, мұз үсті шұрқ-шұрқ тесіліп, қызыл су басып барады. Биыл қыс басынан қайрат қылған осы кісілердің бұл өңірде сүзбеген теңіз түбі қалмаған-ды. Бірақ қай жерді қалай сүзсе де балық шықпады.(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Дескриптор: — дефис арқылы жазылатын сөздерді табады; — жазылу ерекшелігін түсіндіреді. Жазылымнан кейінгі тапсырма «ИӘ» «ЖОҚ» Дұрыс жауапқа «ИӘ» деп, бұрыс жауапқа «ЖОҚ» деп жауап беру керек. 1) қос сөздер сызықша арқылы жазылады (ЖОҚ) 2) біріккен сөздер бірге жазылады (ИӘ) 3) күрделі атаулар бірге жазылады (ЖОҚ) 4) «Қан мен тер» романында Арал теңізінің балықшылары туралы баяндалады (ИӘ) 5) дефис арқылы жазылатын — қос сөздер (ИӘ) |
5-слайд
6-слайд
http://kitap.kz/reader/qan_men_ter_i_kitap
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан үзінді
7-слайд
8-слайд
9-слайд
|
||||||
Сабақтың соңы
10 минут
|
Кері байланыс Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді: Мына … топтағы оқушылардың бөлек жазылатын сөздер туралы жауаптары толық болды. Мына … топтағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек. — Мына топтағы оқушылар мәтіннен біріккен сөздердің емлесі бойынша нақты жауап берді. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушылар өзіндік бағалау жасайды. Рефлексия — мен білемін; — мен түсінемін; — мен жаза аламын. |
10-слайд |
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||||||