ӨМІР СҮРУГЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР


Бүгінгі тіршілік және жұмыс жағдайлары ойлау дағдылары мен пәндік білімді ғана талап етпейді. Бүгінгі ақпараттық ғасырда күрделі тіршілік ету және жұмыс жағдайларын басқару қабілеті оқушылардан тиісті өмірлік маңызы бар және кәсіби дағдыларды дамытуға баса назар аударуды талап етеді.
Икемділік және бейімделушілік
Өзгерістерге бейімделу
• Алуан түрлі рөлдерге, жұмыс жауапкершілігіне, кестелер мен жағдайларға бейімделе білу
• Түсініксіздік орын алып, басымдықтар өзгеріп жатқан ортада тиімді жұмыс істеу.
Икемді болу
• Кері байланысты тиімді түрде ұсыну
• Мақтау, сәтсіздік пен сынға жағымды қарау
• Оңтайлы шешімге (әсіресе көп мәдениетті ортада) қол жеткізу үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді түсіну, ескеру және теңгеру
Бастама және өзін-өзі бағыттау
Мақсаттар мен уақытты басқару
• Материалдық және материалдық емес табыс критерийлері бармақсат қою
• Тактикалық (қысқа мерзімді) және стратегиялық (ұзақ мерзімді) мақсаттардыңарасында теңгерім сақтау
• Уақытты тиімді қолдану және жұмыс көлемін тиімді басқару
Өз бетінше жұмыс істеу
• Сырттан тікелей бақылаусыз тапсырмаларды қадағалау, анықтау, басымдық белгілеу және орындау
Өзін-өзі бағыттайтын оқушы болу
• Адамөзініңбілімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алуы үшін дағдыларды және/немесе оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмеу
• Дағдыларын кәсіби деңгейге дейін жетілдіруге ұмтылатынын көрсету
• Оқудыөмір бойы жүретін үздіксіз үдеріс ретінде қабылдайтынын көрсету
• Келешектегі алға ілгерілеуді түсіндіру үшін өткен тәжірибе жөнінде сын тұрғысынан ойлану

Әлеуметтік жән мәдениетаралық дағдылар
Басқалармен тиімді түрде өзара әрекет ету
• Қай жерде тыңдап, қай жерде сөйлеу керектігін білу
• Өзін әдепті, кәсіби түрде ұстау
Кез келген топта тиімді түрде жұмыс істеу
• Мәдени ерекшеліктерді құрметтеу және әртүрлі әлеуметтік және мәдени топ өкілдерімен тиімді түрде жұмыс істеу
• Әртүрлі идеялар мен құндылықтарға ашық болу
• Жаңа идеяларды жүзеге асырғанда әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескеру және жұмыс инновациясы мен сапасының екеуін де жетілдіру

Нәтижелілік пен жауапкершілік
Жобаларды басқару
• Кедергі мен бәсекелестік қысымға қарамастан, мақсат қойып, оған қол жеткізу
• Көзделген нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыста басымдық белгілеу, жоспарлау және басқару
Нәтижелерге қол жеткізу
• Жоғары сапалы өнім өндірумен ассоциацияланатын қасиеттерге ие екенін көрсету, соның ішінде:

  • Позитивті және әдепті болу
  • Уақыт пен жобаларды тиімді басқару
  • Бірнеше тапсырманы бір уақытты орындау
  • Белсенді түрде қатысу, сондай-ақ адал және ұқыпты болу
  • Өзін кәсіби тұрғыдан және тиісті мәнерде көрсету
  • Басқа топтармен тиімді түрде бірігу және топтасу
  • Топтың алуантүрлілігін құрметтеу және бұның құнды екенін түсіну
  • Нәтиже үшін жауапкершілік алу.

Көшбасшылық және жауапкершілік
Басқаларды бағыттау және жетелеу
• Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану
• Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану
• Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру
• Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту
Басқалар үшін жауапты болу
• Жалпы қоғам мүддесіне жауапкершілікпен қарау.

Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық санақалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *