Ғылымның қазіргі жетістіктері

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: 120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні: Клушева Г.О.

Сынып: 8Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Білім. Ғылым. Инновация.  

Сабақтың тақырыбы

Ғылымның қазіргі жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.4.1 Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып,  талдау жасау.

8.5.1.1 Болжалдық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндерді салыстыру;

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын қайталау, тілде қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушының барлығы

·         Мәтіндердің мазмұнын түсінеді;

·         Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

·         Сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың көбісі

·         Мәтіндерге критерий бойынша салыстырмалы талдау жасайды;

·         Болжалдық сан есімді тілде орынды қолданады

Кейбір оқушылар

·         Мәтіндерге критерий бойынша салыстырмалы талдау жасап, стильдік ерекшелігін анықтайды;

·         Креативті жауап береді

Дескрипторлар

·         Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

·         Мәтіндердің мазмұнындағы айырмашылықты анықтайды;

·         Мәтіндердің мазмұнындағы ұқсастықты анықтайды;

·         Мәтіндердің түрін анықтайды;

·         Тілдік ерекшеліктерін анықтайды

·         Болжалдық сан есімдердің жұрнақтарын дұрыс қолданады;

·         Сұрақтарға толық жауап бере алады;

·         Жауабын дәлелдей алады

Құндылықтар

Өзгенің көзқарасын құрметтеу, отандық прогресске, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру

Пәнаралық байланыс

Робототехника, физика, биология

АКТ дағдылары

Онлайн-сөздік, интерактивті тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғылыми жаңалықтар

Тілдік міндеттер

Өнертапқыш, өнертабыс, ашылым, менің ойымша, ғылым саласы  т.б.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5мин

Оқушылар суреттер мен сөздер арасында қандай байланыс бар екенін анықтап, сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар түрлі түсті карточкалар арқылы үш топқа бөлінеді.

 

Слайд №1

Слайд №2-3

 

Сабақтың ортасы

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

Оқылымалды тапсырмасы

Жеке жұмыс.

Оқушылар мәтінді таныса оқып, жаңа сөздердің тізбегін құрайды.

Жұптық жұмыс

Көршісімен бірігіп, сөздердің аудармасын сөздіктен іздейді, сөз тіркесқұрастырады

Оқылым тапсырмасы

Жұптық жұмыс

1.      Мәтіндерді оқыңыз.

2.      Мазмұнын салыстырып, кестені толтырыңыз

Жапонияда оқыған Азамат Ешмухаметов Қазақстан робототехникасын қалай дамытып жатыр?

Бір жыл Англияда, үш жыл Жапонияда білім алдым. Қазіргі уақытта робототехника саласы бойынша түрлі жобалармен айналысып жатырмыз. Солардың бірі медицина саласына бағытталады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап экзоскилет жасап жатырмыз. Біз жасаған экзоскилет – жасанды қол, аяқ – адамның денесіне сүлбе ретінде жабыстырылады. Экзоскилеттің буындарында қозғалтқыш болады. Жүре алмайтын адам денесіндегі осы қозғалтқыштар арқылы амалсыздан жүреді.

Осы уақытқа дейін 12 робот құрастырдым. Ең бірінші робот тұрақтылықты сақтайтын құрылғы болды. Жер сілкінісі кезінде оның үстіне қойылған зат қозғалыссыз сақталатын. Кейіннен заттарды жинақтайтын, белгіленген сызық бойымен жүретін мобильді роботтарды көп құрастырдым. Манипулятор, қолға протез жасадық. Ірі жобалардың бірі “Ямомото” робот-гибдрит болды. Қазір робот-фермерді құрастырып жатырмыз. Ол қызынақты өзі отырғызып, суарады, шөбін жұлады. Түнімен шаршамай жұмыс істей береді. Арамшөптерді өсіртпейді, өзі отырғызған өсімдікті сақтайды. Бұлардан бөлек, санмен басқарылатын білдектерді жасаймыз. Бұлардың барлығын қолданысқа енгізу үшін, маған үлкен команда керек. Сол үшін де студенттерді оқытып жатырмын.

 

Қазақстанның жас өнертапқыштары ашқан жаңалықтар

17 қаңтарда әлем бойынша Өнертапқыш балалар ашқан жаңалықтар күні аталып өтіледі. Осы ретте қазақстандық жас өнертапқыштардың ашқан жаңалықтарын назарларыңызға ұсынамыз.

2013 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Хәкім Садуақас «ЛАМАБАТЭЛ» атты мобильді аппарат ойлап тапты. Медициналық құрылғы диагностика мен терапияда төрт түрлі қызмет атқарады: лазеротерапия, магнитотерапия, биологиялық белсенді нүктелерді табу мен электромассаж. Құрылғы электр қуатымен де, аккумулятормен де, қарапайым батареямен де жұмыс істейді.

2013 жылы Қостанай облысы Новотроицк ауылының кішкентай тұрғыны Олег Лило «Ай» атты зертхана жасады. Сегіз жасар ғалымның айтуынша, Айдың бетіндегі жағдайды анық көруге болады. Құрылғының камерасы, лазері бар. Олегтің жаңалығы Астанада өткен ғылыми-техникалық форумда «Аэроғарыштық техника, авиация және ғарыш ісі» номинациясы бойынша бірінші орын алды.

Семей қаласындағы жетінші сынып оқушысы Виктор Хегай зағип адамдардың қозғалуына көмектесетін робот ойлап тапты. Роботтағы сенсор алдынан кедергі кездескенде иесіне белгілі бір дыбыс береді. Салмағы 200 граммдық бұл құрылғы киімге немесе бас киімнің алдына тағылады.

 

Критерий

Жапонияда оқыған Азамат Ешмухаметов Қазақстан робототехникасын қалай дамытып жатыр?

Қазақстанның жас өнертапқыштары ашқан жаңалықтар

Тақырыбы

 

 

Мазмұны

 

 

Түрі

 

 

Тілі

 

 

 

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жеке жұмыс

«Үш сөз,

Екі тіркес,

Бір сөйлем»

формуласы бойынша мәтіндердегі негізгі ойды қорытындылайды

«F» бағалау. Топтар сағат тілімен жауаптарды өзара бағалайды.

 

Мұғалім оқушылармен болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын ауызша  қайталап, жазылымға көшеді.

І топ тапсырмасы

Болжалдық сан есімдерді қолданып,  төмендегі сұрақтардың жауабын болжап көріңіз:

 

1.      Азамат Ешмухаметов “Ямомото” робот-гибдридін қанша уақыт ішінде дайындап болды деп ойлайсыз?

2.      Роботты құрастыру үшін неше кітап оқып шықты?

3.      Өнертапқышқа неше студент көмектесті?

4.      Аталмыш жобаға қанша қаражат жұмсалды?

5.      Жоба өзіне неше мемлекеттің назарын аударды?

6.      Қазақстандық жас өнертапқыштардың есімі неше күн ішінде әйгілі болды?

7.      Олардың өнертабыстары неше адамға көмектесе алады?

 

ІІ топ тапсырмасы

 

Болжалдық сан есімдерді қолданып,  төмендегі сұрақтардың жауабын болжап көріңіз. Жауаптарды төмендегі сөздерден бастап,  дәлелдеңіз.

Менің ойымша, …

Өйткені, ….

 

1.      Азамат Ешмухаметов “Ямомото” робот-гибдридін қанша уақыт ішінде дайындап болды деп ойлайсыз?

2.       Роботты құрастыру үшін неше кітап оқып шықты?

3.      Өнертапқышқа неше студент көмектесті?

4.      Аталмыш жобаға қанша қаражат жұмсалды?

5.      Жоба өзіне неше мемлекеттің назарын аударды?

6.      Қазақстандық  жас өнертапқыштардың есімі неше күн ішінде әйгілі болды?

7.      Олардың өнертабыстары неше адамға көмектесе алады?

«F» бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

 Жұптық жұмыс

1-тапсырма. Жазылым алды тапсырма. Оқушылар «Жаңа технологиялар» тақырыбындағы тыңдалымнан соң заманауи технологияның тиімділігі мен зиянды әсері туралы пікір алмасады.

Заманауи технологияныңзиянды әсері

 

Заманауи технологияның тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жазылым тапсырмасы.

«Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы»деген тақырыпта эссе жазу (120-150 сөз).

 

Дескрипторлар:

—     Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады    

       және өзіндік қорытынды жасай алады.

—      Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;

—      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

       себептерін айқын көрсетіп жаза алады.

 

 

Үлестірме материалдары

Сабақтың соңы

 5 мин

 

 

Кері байланыс. «Плюс, минус, қызықты»

Үйге тапсырма:

«Егер сен ғалым болсаң, қандай жаңалық ашар едің?» тақырыбында болжалдық сан есімді қолданып, әңгіме дайындаңыз.

 

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.       

           

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс – робототехника, физика, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *