САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) |
Мектеп: |
|||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ш.Айтматов «Кассандра таңбасы» |
|||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.3.2.1 — публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау; |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: публицистикалық стильдің мақсатын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін таба алады. Оқушылардың кейбіреуі:публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін талдай алады. |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер:шарана, ғарыш, зондаж сәулелер, жасанды жолмен бала әкелу, тексіздік т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің байқауымша,… Менің ойымша,… Мен … ойлаймын. |
|||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
|
|||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут
5 минут |
Ұйымдастыру Жаттығу-тренинг: «Жұбыңды тап». Ойқозғау. «Киттер әлденеден үркіп, әлдеқандай жер бетінде болатын зұлымдықты ескерту мақсатында топ-тобымен жағаға шығып өлетін көрінеді».Мұны мистика немесе тылсым табиғаттың құпиясы деуге бола ма? Әрине, адамзатқа төніп тұрған қауіптің барын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ оның белгісі қандай? Ол – «Кассандра таңбасы». Авторы – Ш.Айтматов. Ш.Т.Айтматов туралы мәлімет беру: https://bilimland.kz/kk/content/lesson/8232-5_shynghys_ai_tmatov_nai_man_ana
Cабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. |
https://bilimland.kz/ |
||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
10 минут
3 минут |
Оқылым алды тапсырма Тақырыпты оқу талдау Топтық жұмыс Шығармашылық қиялдың нақтылы өмір фактілеріне сәйкес келе бермейтін, бірақ ақыл мен интуицияның көрсетуімен ашатын өз шындығы болады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әр түрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид, т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбегінде санамаланып көрсетілген осы мәселелер Ш. Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романында ерекше көркемдік таныммен таразыланған. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни жазушы бұл романында да «тексіздіктің қандай апат әкелетінін» бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы — бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім — табиғат замына қиянат жасамау ЖЖ. Кестеде берілген ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Жұптық бағалау. ЖЖ. Оқылым тапсырмасы «Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әртүрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни, жазушы бұл романында да «тексіздіктің қандай апат әкелетінін» бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы — бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім — табиғат заңына қиянат жасамау.. Жазушы «Кассандра таңбасы» романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш.Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілерімен қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқаратын рөлі жоғары. (202 сөз) ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін мәтіннен табу, сол арқылы жанрын анықтау. а) лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер және бағалауыш лексика: шығармашылық кемеңгерлік, көркемдік шешім т.б. – жалпы саяси лексика, халықаралық терминдер, күрделі тіркестер:жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид т.б. – тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен перифразалар:Кассандра таңбасы, ойға келсе де, ақылға сыймастай т.б. ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер: ХХІ ғасыр, ғалым кейіпкер т.б. б) синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз қайталаулар:табиғаттың тепе-теңдігіне, үйлесіміне т.б. Дескрипторлар: -публицистикалық стильдің сипатын естеріне түсіреді; -оқылым мәтінін детальді түрде оқиды; —оқылым мәтіні арқылы тілдік ерекшеліктерін анықтай алады; —үзіндінің жанрын анықтайды. Өзара бағалау. |
www.diplomkaz.kz/…/Дип.-Ш.Айтматов-шығармашылығ
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
5 минут
2 минут
|
Рефлексия «Жолаушының қойын дәптерінен» Оқушылар кестені толтырып, бір-бірінің жауабын салыстырады.
Оқушы жауаптарын тыңдау, кері байланыс беру. |
|
||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
|
||||||||||||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||||||||||||