Сауда, оның адам өміріндегі маңызы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім. Сауда жасай білесің бе?

Мұғалімнің аты-жөні:   Клушева Г.О.            Мектеп: № 120 Б. Момышұлы атындағы жом

Сынып:                                       Қатысқандар:                                 Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Сауда, оның адам өміріндегі маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру;

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру;

Сабақ мақсаты

1.      Мәтін мазмұны бойыншадеректер келтіру;

2.      Негізгі деректер бойынша дәлелді жауап беру;

3.      Сызба, диаграмма, кестеде берілген ақпаратты талдап, баға беру;

Бағалау критерийі

—          мәтін мазмұны бойынша деректер келтіреді;

—          деректергесүйеніп дәлелді жауап береді;

—          сызбада берілген ақпаратты талдайды, бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер: сауда, рухани игіліктер, тауар, қолма-қол, көне, шаруашылық, пайда табу, айналысқа түсіру

Талқылауға арналған сұрақтар:

—          Сауданы бизнестің түрі деп есептейсіздер ме?

—          Сауда жасай алу өзіңнің күшіңе сену дегенді білдіре ме?

Құндылықтарға баулу

Тақырыпты барысында сауданың қажеттілігі мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтағы жұмыс формалары:

—          шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

—          жауапкершілік;

—          оқушылар топпен постер жасауда қарым-қатынас жасау қабілеті құндылықтарын сіңіруге бағытталаған.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысында бейнежазба көрсету арқылы Қазақстан тарихымен байланыс орнатылады. Бейнежазбаны көрсетуде, сөздік жұмысынжүргізу барысында АКТ қолданылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпараттарды сипаттауға дағдыланған. «Ғылымның қазіргі жетістіктері» тақырыбына «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі арқылы кері байланыс жасау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

5 мин.

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы білімге кері байланыс

С. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі арқылы «Ғылымның қазіргі жетістіктері» тақырыбын пысықтау сұрақтары:

—          Отандық ғылым саласын ілгерілетудің жолы не?

—          Құлтемірлер қай салаларда қолданылып жүр?

—          Құлтемір құрастырып, шығаруда көш бастап келе жатқан қай елдер?

—          Бірқатар мектептерде қандай үйірмелер жұмыс істейді?

—          ЭКСПО — 2017 көрмесінің тақырыбы туралы не айтасыз?

Топтастыру: суреттер арқылы топқа бөлінеді.

І топ. Маталар     

ІІ топ.Фарфор       

ІІІ топ. Алтын мен күміс

Тыңдалымалды кезеңі

С. «Болжау» әдісі. Бейнежазба көрсету, сұрақтар беру.

—          Бейнежазба не туралы?

—          Ұлы Жібек жолы не үшін қажет болды?

—          Топқа бөлінгенде неліктен осы суреттер алынды?

—          Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Сабақтың мақсаты: сауда туралы мәтінді түсіну, талдау, негізгі ақпаратты анықтау, бағалау

 

Cұрақтар жазылған парақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлуге арналған суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo

Сабақтың ортасы

28 мин

 

 

 

 

 

 

С. Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, жай және құрмалас сөйлемдер құраймыз.

сауда — торговля

рухани игіліктер – духовное благо

тауар – товар

қолма-қол – наличный

көне – древний

шаруашылық- хозяйство

пайда табу – прибыл

айналысқа түсіру — пустить в оборот

Тыңдалым кезеңі

С. Аудиожазбаны тыңдаңдар (оқушының оқуы).

Сауда көне орыс және көне славян тілінде «торг» — сауда жасалатын алаң, орын, базар деген мағынаны білдіреді. Сауда материалдық және рухани игіліктерді сатып алу – сату әрекеті.

Сауда тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сатылуын ұйымдастыратын қызмет аясы. Жеке адамның пайда табу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі қызмет. Сауда қолма қол сатып алу — сату арқылы тауарларды өткізетін шаруашылық сала.

Тыңдалымнан кейін

ТЖ. «Фрайер» моделі графикалық органайзері

Мәтін бойынша берілген тақырыптар аясында дәлелді ақпараттарды көрсетіңіз.

Бағалау критерийі:

—    мәтін мазмұны бойынша деректер келтіреді;

—    деректерге сүйеніп дәлелді жауап береді;

Дескриптор:

—          тақырып бойынша дәлелді сөз тіркестерін іріктейді;

—          дәлелді жауап береді;

ҚБ. Өзара бағалау. Бағдаршам әдісі

Қызыл түс – түсініксіз, нашар орындалған

Сары түс– толық емес, жартылай орындалған

Жасыл түс – бәрі тамаша, өте жақсы

ТЖ. «Аялдама» әдісі

Диаграмма, кесте, сызбаларда берілген ақпаратты талдап түсіндіріңіз.

Ресурстар арқылы саралау:

А. Статистикалық деректері айқын, нақты кестедегі ақпаратпен жұмыс жасайды.

Кесте:

Импорт

өндірістік тауарлар, сәнді бұйымдар, шикізаттар

Экспорт

Ағаш, тері, жүн, май, нан

Ішкі жалпы өнім

3,5 пайызға артқан

 

В. Визуалдық қабылдану күрделілігі орта деңгейдегі сызбалармен жұмыс жасайды.

Сызба:

С. Сандық мәліметтері көп диаграммаларды талдау жұмысына тартылады.

Диаграмма: Қазақстандық экспорт тауарлар құрылымы

 

Бағалау критерийі: сызбада берілген ақпаратты талдайды, бағалайды

Дескриптор.

—          ақпараттарды түсіндіреді;

—          жекелеген ақпаратты сөйлемге айналдырады;

 

ҚБ. Өзара бағалау. «Бас бармақ» әдісі

Бас бармақ жоғары тұрса – Тамаша! Барлығы түсінікті!

Бас бармақ ортада тұрса – Жаман емес, айтуы орташа

Бас бармақ төмен қарап тұрса – Нашар. Тақырыпты аша алмады

Интербелсенді тақтада көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиожазба

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті

8 сынып, 24-25 беттер

Алматы «Мектеп», 2018 жыл

Г.Косымова және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

7 мин

 

 

 

Рефлексия «Күншуақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады

Тақтада күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті  күн шашақтары үлестіріледі. Күн шашақтарын күнге жапсыру керек:

сары түс – маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар алдым;

көк түс – сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді білдіреді.

Күннің суреті, қағаз қиындылары

Қосымша ақпарат

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау, құндылықтарды сіңіру

Сабақ барысында ресурстар арқылы жүзеге асырылады. Диаграмма, кесте, сызбаларда берілген ақпаратты талдап түсіндіруге арналған топтық жұмыс барысында барынша қолдауды қажет ететін оқушылар статистикалық деректері айқын, нақты кестеде берілген ақпаратпен жұмыс істесе,  орташа қолдауды қажет ететін оқушылар визуальдық қабылдауы орта деңгейдегі сызбалармен жұмыс істейді, ал қолдауды қажет етпейтін оқушылар сандық мәліметтері көп диаграммаларға талдау жасайды

Сабақ барысында оқушылар ҚБ дескрипторларды негізге ала отырып топ арасында  жүргізді.   ҚБ «Бағдаршам», «Бас бармақ» әдістеріқолданылды.

Сабақ соңында рефлексия «Күншуақ» әдісі арқылы жүзеге асырылды.

Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақта «Сәлемдеме жіберіңіз», «Болжау», «Фрайер» моделі графикалық органайзері  белсенді оқыту әдістері қолданылды. Топтық, жеке жұмыс формалары оқушылардың өзара ой бөлісу мен оқудағы қиындықтарын еңсеруге көмектеседі.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

           

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *