Сатып алушының бейнесі

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

 Бөлім атауы Сауда жасай білесің бе?

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сатып алушының бейнесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.2.1 — оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу.

8.3.1.4 — мұғалім қолдауымен сөйлеу барысында есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Т ақырып бойынша сөйлеуге жетелеу, өз ойларын айта отырып пікір таластыру, жұптық қатынысқа түсу

Бағалау критерийлері

Қажетті мәліметті іріктейді;

Мәліметті эссе жазуда тиімді қолданады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Нейромаркетинг, қызмет көрсету, әсер ету, жағымды, нәтиже т.б.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Экономика, психология

Осыған дейін меңгерілген білім

Сауданы сауатты жасау жолдары.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 5 мин

Сұрақ-жауап:

Психологиялық жағдай тудыру, «Еден-төбе-мұрын»  (2 мин)

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Оқушылар полилог барысында өз ойларымен бөлісіп, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсатымен танысады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50 мин

 

 

Жазылымға дайындық жұмысы

Оқушылар  мәтінді оқып,қысқарта (ықшамдап) мазмұндайды. Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннен айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып,ең негізгі,түпкі ойды жазады.

Қысқарта мазмұндаудың да өзіндік маңызы бар, өйткені әңгімедегі іс-әрекеттердің негізгі мен қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады.Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып,қажетті материалды жинақтауға,көп ойды аз сөзбен беруге,пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады.Мазмұндаманың бұл түрі оқушыларды сөзді талғап,таңдап қолдануға,сөйлемді жинақы құруға,аз сөзбен көп мағына беруге,тілін ширатуға септігін тигізеді.

1. Топтық жұмыс: Топтастыру стратегиясы арқылы ұлттық тағамдардың түрлерін еске түсіру: 1-топ: ет тағамдары, 2-топ:сүт тағамдары. Әрбір топқа тағам түрлерінің аттарын жазғыз және сатып алу жолдарын көрсету
2. Презентация «Қазақ халқының ұлттық тағамдары».


Жұптық жұмыс Әңгіме бойынша талдау

 

Саудагерлер жасайтын 7 қулық

 

Нейромаркетинг саласында көп жыл бойы қызмет етіп келе жатқан атақты маркетолог Мартин Линдстром бізді сауда жасауға мәжбүрлейтін 7 қулықтың сырын ашты. Олармен сіздерді де таныстыра кетуді жөн санадық. 1-қулық: «Айна тәріздес нейрондар» Не себепті өзге адамдарға сыни пікірлер айта беретініміз айна тәріздес нейрондарға байланысты. Яғни жаздай жадырап көңілді жүретін адамды көрген кезде еріксіз күліп, жылап отырған адамды көргенде мұңаямыз. Айна тәріздес нейрондар мидың лимбикалық жүйесіне, яғни эмоциялар пайда болатын жеріне сигнал жібереді. Нәтижесінде өзімізді өзгелердің орнына қоямыз. Мысалы, бір адамның әдемі кеудеше киіп алғанын көрсек, дәл сондайын өзіміз де алғымыз келіп тұрады. Осы күндері сникерс аяқ киімдердің сырт көрінісі әдемі болмаса да, сәнге айналғандығы үшін әрбір үшінші адам киеді.

 

 

2. «Дофамин» Зат сатып алған кезде адам өзін бақытты сезіне ме? Ғалымдардың айтуынша, аз уақытқа болсын, расымен де бақытқа бөленеді. Бұл дофаминге тәуелділігімізбен түсіндіріледі. Дофамин дегеніміз – мақтаныш, рақат, бақыт сезіміне деген құштарлық. Бір зат сатып алған кезімізде миымыз дофамин бөліп, көңіл-күйіміз көтеріледі. Әдетте зат сатып алғанда оны қалтамыз көтере ала ма деп ойланамыз. Осыған сәйкес, ғалымдар мидың оныншы Бродман аймағы сапалы тауарларды көрген кезде белсенділікке ие болып, темір-терсек сынды ескі заттарды көрген кезде қозғалысын баяулата түсетіндігін анықтаған. Басқаша айтқанда заттарды ақшамызға сәйкес қана бағалай аламыз. Бұл заттарды тек мақтанып қалу үшін тұтынуымыз да ғажап емес.

3. «Ассоциативті бағандар» Кейінгі кезде Abercrombie & Fitch, Ralph Lauren немесе Philip Morris сынды компаниялар логотипсіз жарнаманы пайдалануға көшкен. Және бұл әрекеттерінің нәтижесінде табысқа жетуде. Мысалы, Philip Morris компаниясы Marlboro логотипін еске түсіретін жиһаздарды, түстерді қолдануды ұсынады. Ал адам санасына әсер ететін жарнаманың күші мықты.

4. «Соматикалық маркерлер» «Dasani суы дейсіз бе? Жоқ, оны Coсa-Cola өндіреді. Мен мұның қарапайым краннан алынатын су екенін естігенмін. Ол суды мүлдем тұтынғым келмейді. Ал Iskidle суының жағдайы басқаша. Оны Дания өндіреді. Әзірге Iskidle қандай су екенін білмеймін, бірақ Дания дені сау, ауасы таза тұрғындар өмір сүретін мемлекет. Бөтелкесінің өзі таза су екенін байқатады. Айтпақшы бағасы қымбат, әрі сапасы бағасына лайық». Сатып алушының бұл монологы соматикалық маркерлер шынжырынан тұрады. Біздің тауарды сатып алумыз оны не нәрсемен байланыстыратынымызға да тәуелді. 5. «Иістер» Мықты мамандар адамдарды жағымды иістермен баурап алуға болатынын біледі. Саудагерлердің бұл саясаты «Сенсорлы брендинг» деп аталады. Маркетологтар әрбір тауардың хош иісі болуын қамтамасыз еткен. Мысалы ұшақтардың ішіне шалғынды кең жайлауды еске салатын иістер сеуіп қояды. Осылайша адам өзінің жүйкесін тынышталдырып, жақсы ұшады. Күнделікті фастфуд желісінде шығып тұратын тауық иісін RTX9338PJS коды бар аэрозольды балонның көмегімен таратады.

6. «Дыбыстар» Адамдар дыбысы мен суреті көп жарнаманы есінде жақсы сақтайды. Аудиобрендинг мәселесі 1950 жылдары шыққан. Мысалы, шәй ішкісі келген кезде, теледидардан көрген пиала шәйінің әуенін есіне түсіреді. Осылайша супермаркеттерде жүріп осы әуенді естіген кезде рақаттанып шәй ішіп отырғандай болады.

7. «Тауарлардың дәстүрмен байланысы» Қазақы өрнектері бар әшекей бұйымдар мен жиһаздардың елімізде жоғары сұранысқа ие болатыны анық. Сондықтан қолөнер бұйымдары деп жалғандарын да сатып жіберуі мүмкін. Жоғарыдағы 7 қулықты алданып қалмауыңыз үшін біле жүріңіз.

 

 

Мәтінмен жұмыс жасау нәтижелері топ ішінде талқыланып, ең ұтымдылары ортақ флипчартқа енгізіледі. Сыныпта жұмыс жасаған әр топтың флипчарттары тақтаға ілінеді, кейін оқушылар эссе жазған кезде тақта алдына жақындап оқып отыруына жағдай жасалады.

 

Жазылым. Жеке жұмыс.

Эссе тақырыбы: «Сауда-саттық саласында сатып алушыларға қатысты нейромаркетинг әдістерін қолдану қаншалықты әділетті деп ойлайсыз?»(100-120 сөз)

«Ыстық орындық» әдісі бойынша 3-4  дайын жұмыс сыныппен бірге тексеріліп, «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы бағаланады.  Қалғандары жұмыстарын мұғалімге тапсырады, немесе келесі сабақтың басында тексеріледі.

 

Мәтін

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

Рефлексия

«Блоб ағашы»

 

Үйге тапсырма: Жағдаят: сіз — дүкен бастығысыз. Сауданың жақсы жүруі үшін қандай әрекет жасар едіңіз?

 

 

Қосымша ақпарат

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

                 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *