Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген.
«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы.
«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.
Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары
1) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана
Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.
2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.
3) Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.
4) Индустрияландыру мен инновацияларғанегізделгенэкономикалықөсу
Экономикалықөсу – бұлбіздіңеңмаңыздыміндетіміз, Қазақстанныңөңірлікжәнежаһандықбәсекегеқабілеттілігіосығантікелейбайланысты.
Біздіңбастыміндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымдыбіріктіру, инновациялық-индустриялықкластерлердідамыту. Сондықтанеліміздеғылымсаласыныңшешушіреформалары, білім беру жүйесінжаңғыртужүргізілуде, техникалықжәнекәсібимамандардыдаярлаудыңжаңатиімдіжүйесіжасалды.
5) Жалпығабірдейеңбекқоғамы
Жалпығабірдейеңбекқоғамы – қазақстандықтардыәлеуметтікжұмыспенқамтудыңеңмаңыздышарттарының, қазақстандықотбасылартабысыныңтұрақтыөсуінің, өмірсапасынтұрақтыжақсарту, барлыққазақстандықеңбекшілердіңшығармашылықжәнеөмірлікәлеуеттерінтолықтайашукешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.
6) Тарихтың, мәдениет пен тілдіңбіртұтастығы
Туғанжеріміздіңтарихындабірнешемыңжылдықтар бар, оныңбеттеріндеата-бабаларымыздыңұлыістерісақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.
7) Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы— мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.
«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынады.