Әдіс-тәсіл түрі | Мақсаты | Тиімділігі | Қолданылуы |
«Миға шабуыл» (әдіс) |
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. | Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. | Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. |
«Сұраққа жетіп ал»
әдісі А.Ж.Егізбаев бойынша |
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. | Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. | Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді. |
«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша |
Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. | Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. | Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,
сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. |
«INSERT» әдісі | Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру. | Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. | Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; — білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды. |
«Кластер» әдісі | Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. | Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. | Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер) |
«Фишбоун» әдісі (постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынша |
Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау. | Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. | Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады. |
«Үштік» әдіс
(Ойлан, жұптас, бөліс) |
Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу. | Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. | Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. |
SWOT — талдау | Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту. | Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.
|
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
|
«Кейс – стади» әдісі | Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау. | Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. | Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады. |
«Кинометафора» әдісі
Харизма бойынша (Н.Баринов) |
Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. | Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. | Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
«Бес саусақ» әдісі | Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. | Бас бармақ – басты мәселе
Балалы үйрек – бірлесу Ортан терек – ойлану Шылдыр шүмек – шынайылық Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы |
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. |