ХХІ ғасырда адамдартехнология мен мультимедиаға толы ортада өмір сүреді. Оның мынадай белгілерін атауға болады: 1) көптеген ақпаратқа қолжеткізуге болады, 2) технология құралдары жылдам өзгеріп жатады, 3) ынтымақтастық орнату және орасан зор жеке үлес қосу қабілеті. ХХІ ғасырда нәтижелі болу үшін азаматтар мен жұмысшылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алу қажет.
Ақпараттық сауаттылық
Ақпаратқа қол жеткізу және оны бағамдау
• Ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде (дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу
• Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау
Ақпаратты қолдану және басқару
• Қазіргі мәселе немесе проблема тұрғысынан ақпаратты орынды және шығармашылықпен қолдану
• Алуан түрлі дереккөзден келетін ақпарат ағынын басқару
• Ақпаратқақол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.
Мультимедиа сауаттылығы
Ақпарат құралдарын талдау
• Ақпарат құралдарындағы хабардың қалай және неге, сондай-ақ не мақсатпен құрылғанын түсіну
• Адамдардыңхабарды қалай әртүрлі қабылдайтынын, құндылықтар мен көзқарастарды қалай ескеріп немесе назарсыз қалдыратынын, сондай-ақ ақпарат құралдарының адамдардың пікірі мен мінез-құлқына қалай ықпал ететінін зерделеу
• Ақпарат құралдарына қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану
Мультимедиа өнімдерін өндіру
• Мультимедиа құрудың аса қолайлы құралдарын, олардың сипаттамалары мен ережелерін түсіну және пайдалану
• Алуан түрлі, көп мәдениетті орталардағы қолайлы тұжырымдамалар мен түсініктерді түсіну және тиімді пайдалану.
АКТсауаттылығы
Технологияны тиімді пайдалану
• Технологияны ақпаратты зерттеу, ұйымдастыру, бағамдау және жеткізу құралы ретінде пайдалану
• Білім қоғамында табысты қызмет ету мақсатында сандық технологияларды (компьтерді, планшетті, медиа-плейерді, навигация жүйелерін және т.б.), байланыс/желілік құралдарды және әлеуметтік желілерді ақпаратқа қол жеткізу, оны басқару, кіріктіру, бағамдау және құру үшін тиісті түрде пайдалану
• Ақпараттық технологияларға қол жеткізу және оларды қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.