Павлодар облысы әкімдігі, қалалар мен аудан әкімдерінің аппараттары, Полиция Департаменті, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, ҚМБД Павлодар облысы бойынша бас имамына Құрбан Айт мейрамын мерекелеу кезінде 31 шілде – 2 тамыз аралығында төмендегі әрекеттерге ТЫЙЫМ САЛЫНСЫН: Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге; Мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға; Онлайн режимінде құрбандық шалудың жүзегі асыратындарды қоспағанда, мал союд цехтары мен мал сою пунктерінің, мал сою алаңдарының жұмысына; БАҚ құралдары арқылы құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруды ұйымдастыру туралы тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/243940-pavlodar-akimdigi-qurban-ayt-merekesine-qatysty-qauly-shyghardy
© egemen.kz