Дипломмен ауылға» бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы ауылдық елді мекендерге 5,1 мыңнан астам жас маман барған. Жастардың баспана мәселесін шешу барысында, биыл республикалық бюджеттен 1 млрд 495,2 млн теңге бөлінді. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 55%-ға артқан. Ал бір реттік жәрдемақы беруде бюджеттен 117 млн теңге қарастырылылды. Қаражат 421 адамға жетуі тиіс. Қазірдің өзінде 34 жас маманға 9,4 млн теңге берілді. Үй тұрғызуға 80 жас ынта білдірді. Оларға 324,9 млн теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Үй салғысы келетіндердің 39-ы ұстаздық қызметте болса, 23-і денсаулық сақтау саласының мамандары, деді Архимед Мұхамбетов. Жалпы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында 3590 жас маман ауылдық елді мекендерге мұғалім болып барған.  3373 маманға 410,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақысы төленіп, 1466 мұғалімге  3,5 млрд теңге ипотекалық несие берілген. Аталған бағдарлама аясында ұзын-ырғасы 15 мыңға таяу медицина маманы ауылға жұмыс істеуге барған.  Оның 1900-ы дәрігер, 6 мыңнан астамы − медбике.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/239330-diplommen-auylgha-baghdarlamasy-500-ge-dguyq-dgasqa-mumkindik-beredi
© egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *