Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік — бұл менің бостандығым,
Он алтыншы желтоқсан тосқан күнім.
Ұрпақ көрсін еркіндікті деп күрескен,
Алты алаштың баласы қосқан үнін.

Тәуелсіздік — бұл менің қазақтығым,
Келді кеше аңсаған азаттығым.
Желтоқсанның ызғарлы аязына,
Барлық қазақ өткізді азап күнін.

Тәуелсіздік — бұл менің қуанышым,
Елім жеткен бүгінгі жұбанышым.
Қазақ елін қансыратып талап кетті,
Бодандықты қаламайтын ұран үшін.

Тәуелсіздік — бұл менің әділдігім,
Қазақ жұрты осыған кәміл бүгін.
«Тәуелсізбін!» деп мәңгіге жырлар едім,
Көмсе дағы қара жерге тәнімді кім.

Тоңғандарын қалың қыста сезінбеген,
Қиналғаннан жүректері езілмеген.
Отан үшін жан берісіп, қан төгісу,
Өмірдегі ең бақытты сезім деген.

Тәуелсіздік биіктегі тұғырым,
Есте сақтап қаламын тәуелсіздік ұғымын.
Абыройы асқақтаған азат елім,
Қазақстан Отанымның ұлымын.

Тәуелсіздік — бұл менің аманатым,
Тәуелсіз ел Қазақстан саналатын.
Тарихының тамырынан бастау алып,
Тәуелсіз боп мәңгілікке бара алатын.

Өткен ғасыр сұрапыл заманыңда,
Қадір тұтпай құрбандарды қаламын ба…
Отан үшін қасық қаның төккен жастар,
Күш көрсеткен желтоқсанның алаңында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *