Еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да осындай жағдай байқалады. Синоптиктер тіпті бұл аймақтарда бұршақ жууы да мүмкін деп отыр. Ал Қызылорда облысында аптап ыстық сақталады. Осы орайда мамандар өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді. Еске сала кетсек, осыған дейін Қостанайда жаңбыр мен бұршақтығ молынан жауғанын жазған болатынбыз. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан өңір орталығының жолдарын, тұрғын үй аулаларын, мекемелер мен сауда орындарының алдын су басып қалғанын байқау қиын емес. Жергілікті тұрғындар осының салдарынан тек жаяу жүргіншілер ғана емес, автокөліктердің де қатынауы қиындай түскенін жеткізді. 

Одан бөлек, қостанайлықтар қоғамдық көліктер де уақытынан кешігіп жатқанын желіде жарыса жазды. «Қазгидромет» мамандары таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанай облысында өткен жексенбі мен дүйсенбі күндері дауылды ескерту жарияланған. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866825-elimizdi-segiz-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zasaldy.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *