«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу

 

Мақсаты:

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласының зерттелуі туралы.

  1. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті  Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне­тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден — В. Катаринскийдің. «Грамматика кир­гизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен­бург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизско­му языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.

Аталған еңбектердің фонети­ка тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.

Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
  2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
  3. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері.

        Әдебиеттер:

1.Аханов К. Тіл білімінің  негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002

2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962

3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989

4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -А., 1975.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *