Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету


Мақсаты:
• Тіл – қарым-қатынас құралы
• Тыңдау мен сөйлеуге негізгі қиындықтар
• Сөйлеу және ауызша жаттығулар
• Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?
• Сөйлеуге үйрету әдістері
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Сөйлеу әрекетінің түрлерін оқыту


Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас қралы ретінде оқимыз.
Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:
1) Диалогтық
2) Монологтық
Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған:
1) Сөйлеу тілін түсіну
2) Бағдарлама алынған мөлшерде шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу. Бұл — сойлеудің тжирибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудің маңызды құралы. Ол лингвистикалық материалды таныстыру құралы: дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар. Және бұл сөздік үлгілер мен сөздікті меңгеру құралы, әрине, ол айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу – сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша сөйлеу — оқұшылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы.
Тыңдау мен сөйлеудегі негізгі қиындықтар
Тыңдау, түсіну, меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсіну керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, таңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік- зейінін, еске сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
1) Лингвистикалық материал
2) Материалдың мамұны
3) Материалды беру жағдайы

Оқушыларға шет тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
1. Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады
Мына сөздерді қиындықпен айтады:
Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.

Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning!
Сондықтан тыңджау дағдыларының, дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.

2. Лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты,
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.
Мысалы:
East-west take- put ask-answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.
Put on: put off-put down
Take off: see off-going for: etc.
Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.
Мысалы: to work-work6 to answer-answer. – ed Past Ind. Participle 2
Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.

3. Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді. Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:
А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?
Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?
Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?
В) материалды тыңдауға әзірлік.
Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.
4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.
1. Сөйлеу дылдамдығы
2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.
Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут – 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай қарқын – 95 сөз.
3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.
4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.
5. «Көру» құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүнкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.
6. Сөйлешінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалінің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек. Ағылшын тілінде сөйлеу – тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.
Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздердіжазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесес сұрағысы келсе тілдік қоры пайдалануы қажет және оған мұғалім көмектесіп отыру керек, Осы психологиялық фактор үнемі есте болуы керек.
Басқа фактор- психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған сөздерді, сөз тіркестерін сөйлеу үлгілерін грамматикалық формаларды, құрылымдарды тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді, граматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталландыру қажет. Мұғалім оқушыларды әзірленген сөйлеуден әзірленбеген сөйлеуге біртіндеп әкелуі керек.

Сөйлеу және ауызша жаттығулар
Біз сөйлеу және ауызша жаттығуларды айыра алуымыз керек.
Сөйлеу – ол тілдің сөйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс.
Мысалы:
1. Оқушы сыныпта өзінің басынан өткен оөиға туралы баяндайды.
2. Үйге берілген тақырып бойынша мұғалім сұрақ қояды.
3. Әңгіме оқып, мәтіннен жаңа мағлұмат алады.
Сөздерді үйрету үшін ауызша жаттығулар фонетиканы, грамматиканы қолданылады. Көбіне олар жаттығулар болады. Мысалы: тақпақты жатқа айту, айту және сөйлеу дағдысы жақсы қалыптасады. Ал берілген сөздер мен мәтіндерді пайдаланып сөйлем құрастыру да өте пайдалы жаттығу. Ауызша жаттығулар сөйлеуді дамытады. Бірақ, олар тек сөйлеуге әзірлейді және сөйлеу жаттығуары болып есептелмейді.Біздің мектептерде огқушылардың стандартты ауызша ағылшын тіліне үйретеміз, ол жазбаша сөйлеу стандартына, соның ішінде монологтық сөйлеуге өте жақын. Сөйлеуде қысқа сөйлемдерді пайдаланған орынды.Сөйлеу жасанды болмауы үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктерімен таныстыру қажет.
Диалогтан бастайық:
1. Қысқа жауапты пайдалану.
How many books do you have? – One.
Әрине, бұл толық жауап беруге үйретпеу керек деген мағынада емес.
2. Қысқартылған формаларды пайдалануға үйрету.
Doesn’t isn’t
Won’t ets.
Can’t
3. Кейбір қысқартылған сөздерді пайдалану.
Lab – laboratory p.m. – post meridiem
Maths – mathematics
4. Әңгімелесу тіркестерін қолдану.
Well look here believe I think
You know I say I hope as far as know
Of course you see right
In fact
To tell the truth
5. Диалогтық құрылмдар әртүрлі. Олардың төрт негізгі түрін қарастырайық.
1. Сұрақ – жауап
2. Сұрақ – сұрақ
3. хабарлама – хабарлама
4. хабарлама -сұрақ
Диалогтық сөйлеуге үйретуде осы 4 түрін де қолдану қажет.

Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?
Ауызша сөйлеуге, яғни шет тілінің әңгімелесу түрін түсінуге және сөйлесуге үйрету үшін әрбір сабақта мұғалім ағылшын тілінде сөйлеуге тиіс.
1.Бұл үшін ағылшын тілінде:
a) сыныпқа жаңа материал берілу
b) жаңа материлды түсіну
c) түсінгенін тексеру
d) түсінгенін бекіту керек.
1. Мұғалім тыңдап түсінуді дамыту үшін ауызекі сөйлеу және дағдылық жаттығуларды қолданады.
Дағды жаттығулары:
a) лингвистикалық қиындықтарды жеңуге арналған
b) психологиялық қиындықтарды жеңуге арналған
Бірінші топқа:
a) Фонетикалық жаттығулар: Мысалы:Listen to the following words and raise your hands when you hear the words with (the teacher says: desk, pen, ten, bag,ets.)
— Listen to the following pairs of words and say in what sound they differ:
pen – pin
bed – bad
eyes – ice
white – wide

2. Лексикалық жаттығулар: сөздерді тануға арналған.
Listen to the words and recognize the word “boy” among other words: a baby; a toy; a boat; a boy. Listen to the following words and raise your hands when you hear the words referring to plants; street; tree; grass; class; flower.
— Listen to the sentences and say whether the word “country” has the same meaning in both sentences:
I spend my holidays in the country . Kazakhstan is a large country.
C) Грамматикалдық жаттығулар:
— listen to the words and raise your hands when you hear words in plural: desk, book, pens, boxes.
— listen to the sentens and say in which one the word “help” is used as a noun.
1) He can help you
2) I need his help
Екінші топқа мынадай жаттығулар жатады:
а) Есту жадын дамытатын жаттығулар.
— Listen to the following words and try to memorize them ( Мұғалім суреттермен бірге бірнеше сөздерді айтады. Мысалы: a carrot, a potato, a a cucumber, a tomato, оқушылар суреттерді атап береді ).
— Listen to the sentences and repeat them (Мұғалім айтады. He evening we have tea. I like it very much).
ә) Назарды аударуға арналған жаттығулар:
— to the following text. I have a sister.
Her name is Ann.
Mike have no sister.
He has a brother.
Now say which sentence was omitted (added) after you have listened to it a second time.
б) Көру жадын дамыту жаттығулары.
-listen to the following and give it a name:
We write with it on the blackboard.
We take it when it rains.
-listen and say which seasons it is:
It is cold. If often snows. Children can skate and sky.
в) Сөйлемді дұрыс құрылуына арналған жаттығулар.
-listen to the sentences and say whether they are logically arranged.
He name is Mary. This is a girl.

Сөйлеуге үйрету әдістері


Сөйлеудің екі түрі бар: монолог және диалог.
Монологты үш кезеңнен тұрады:
1. Хабарлау
2. Айту
3. Талдау
Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді үйрену мүнкін емес.
Мынадй жаттығуларды жасауға болады:
Оқушыларды жағдайға байланысты үлгі беріледі.
Үлгі-сөйлем әртүрлі сөздермен толықтырылады.
Мысалы: 1. I can see a Ә.
2. I can see a Ә.
1. I am fond of Ә.
2. I am fond of Ә.
Мынадай жаттығуларды орындауға болады.
1. Ауыстыру – I have a pen (a book..)
2. Толықтыру- I have an interesting book.
3. Өзгерту- He has a book. He has no book.
4. Толықтыру, дамыту- I have an interesting book at home.
5. Аяқтау- If I have time I’ll…..
Улгіні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.
Мұғалі оқиғалық жұмыс.
1. Give it a name.
T: We write with it.
P: It is a pen.
T: мысықтың суретін үнсіз көрсетеді.
P: This is a cat.
Make a negative statement.
T: I live in Gorky Street.
P: I do not live in Gorky Street.
T: He likes to play hockey.
P: I don’t like to play hockey.
Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренеді.
Жазуға үйретуде кедесетін қиындықтар
• Жазуға үйретудің жолдары
• Жазу жұмыстарының түрлері
• Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі
• Дауыстап оқуға үйрету
• Іштей оқуға үйрету
• Оқуға үйрету әдістері
• Оқуға қойылатын негізгі талаптар
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары, ағылшын әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айтылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясын, орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенің дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құру, түрлі диктант, мазмұндама, шағын шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Жазу — ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне коллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:
1) Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі
2) Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі
3) Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі
4) Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі
Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:
1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;
2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу жолдарын /артикуляция/ білу;
3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;
4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшықетінің жұмысы.
Соынмен, жазуға көз құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшықеті, тіл, көмей қатысады. Ақтық маңызды факторлардың бірі – дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.
Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.
Ағылшын тіліндегі а, о, е, п, м, д, х, т, н әріптерін жазу мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер мемлекеттік тілде кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс емес болып көрінеді. Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызу үшін көп жаттығулар жасау керек.
Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды үзбей бір-біріне тіркестіріп жазуы қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай жазғызу үшін көп жаттығу керек.
Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық келтіреді.
Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:
Eye – I
Road – rode
Write – right
Tale – tail
Әріптердің көбір кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.
Build — suit
Laugh – brought
Help – hour
Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әріп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:
1) У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:
Day – days
Stay – stays
Бірақ: city – cities, study – studies дауыстыларға «ed» жалғанады
Play – played
Carry – carried
Дауыстыларға ing жалғау:
Write – writing
Dig – digging
Play – playing
Stand – standing
Сын есімнің шырайларының жалғаулары: er, est:
Clean – cleaner – the cleanest
Large – larger – the largest
2) Дауыссыздың қосарлану жолдары:
Sit – sitting
Thin – thinner
Swim – swimmer
3) Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар:
«Ful», «less», «use», «useful», «useless»
Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі оқушылар дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады.
Жазуға үйрету. Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу.
Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллинһграфиядан,орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:
1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы
2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы
3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.
4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
1) Сөзді тыңдай білу
2) Сөзді айта білу
3) Көру факторы
4) Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану
Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері – көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.
Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілермен таныстыру керек.
Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:
1. Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен және кішкентай әріпті көрсетеді.
Мысалы: Bb
Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылған болса, екінші жағында сөздер жазылады.
Мысалы: Bb – Bed, book.
2. Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатастырмау керек екенің түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.
Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды.
3. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.
Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.
Орфография, қатесіз жазу, әріптерге бөОрфография, қатесіз жазу, әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:
1. Көшіру
а) ұқсас сөздер: room – spoon – moon
ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:
Two – too
Sea – see
One – won
Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:
Sure; usual; clerk; soldier.
Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады.
2. Диктант – жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:
а) Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейін мұғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.
ә) Жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлемді оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап шығады. Содан кейін, балалар сөздерді дәптерлеріне жазады, ал мұғалім қатарлардың арасында жүріп оқушылардың жұмысын қадағалайды. Сөйлемді дұрыс жазған бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады.
Диктанттың бұл түрі 10 – 12 минутқа созылады.
б) Диктантты өз бетімен жазу. Үйде жаттап келген мәтінді не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді дәптерлеріне жазады.
3. Үлгі бойынша сөйлемді жазу.
Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін сөйлемді өз бетімен жалғастырады.
А) Сәйкестендіру: nick has a sister
Ә) Аяқтау: he smiled because…
Б) Жалғастыру: The students wrote+adj. + noun+adv
4. Сұрақтарға жауап беру
5. Шығарма
Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады:
А) естіген немесе оқыған әңгімені жазу. Білім деңгейі төмен сыныптарда әңгіменің маңызды сөздерін тақтаға жазып қою керек.
Ә) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу.
Б) бір тақырыпқа арналған мәтіннің бір бөлігін суреттеу
В) оқыған мәтінге жоспар құру.
Г) тақырып туралы шығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейін жоспар бойынша әңгіме жазады.
Ғ) хат жазу.
Әдетте мұғалім ағылшындықтардың хатты қалай бастап жазып, немен аяқталатының түсіндіреді.
Жазу біліктіліктерін бағалау үшін мұғалім оқушыларға таныс бақылау жұмыстарының түрін қолдануы керек.

Тест жазу арқылы бақылау.
1) Оқушының әріп жазуды қалай игергенің тексеру үшін мұғалім баланы тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.
2) Коллиграфия және орфография саласындағы оқушылардың біліктілігін мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім сөйлемдерді екі рет оқиды.
Біріншіден диктанттың мазмұның толық оқып шығып, содан кейін сөздерді бір-бірден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейін мұғалім тағы бір рет оны оқып шығуы керек.
5 – 6 сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады.
7 – 11 сыныптарда 15 – 20 минут
Әр сыныптағы диктанттың көлемі.
6-сынып – 20 сөз
7-сынып – 30 сөз
8-сынып – 50-60 сөз
9-сынып – 60-70 сөз
10-сынып – 70-80 сөз
11-сынып – 80-100 сөз

3) Оқушының жазу біліктілігін мұғалім шығарма арқылы да тексереді. Мысалы:
Put a few questions to the text.
Answer the questions
Write a latter
Мұғалімдер мен әдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын сызып қою керектігін айтады, себебі оқушылар осы қателіктерді түзеп өзінің жазу, грамматика салаларындағы біліктіліктерін әрі қарай дамытады.


Оқуға үйрету
Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрінің бірі. Оқу сөйлеу әрекетінің рецептивті түрлеріне жатады. Себебі ол графикалық ьелгілерді қабылдаудан, түсінуден тұрады. Оқу сөйлеу әрекетінің тыңдау, жазу сияқты түрлерімен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының шет тілін үйретудің бастапқы кездегі алатын орны ерекше. Оқумен сөйлеу тығыз байланысты. Оқытудың екі түрі бар.
1) дауыстап оқу
2) іштей оқу


Ағылшын тілін оқуға үйретудегі негізгі қиындықтар
Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі – оқушыны оқуға үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т, ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер А,С,Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ..Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады.Ал ағылшын тілін үйретудетілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылыр дыбыстардың ашық , үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте сақтау абзал.Төмендегі кестеде бір әріптің бірнеше нұсқада оқылуын мысалға келтірдік:

Оқылу түрі a e o u i(y)
I [ei]
take
male [i:]
be
see [әu]
go
stone [u:]
rude blue
[ju: ] cute fume [ai] lime type
II [ae] sad
fan [e]
leg
pet [ɔ]
nor
for []
bus
hut [i]
bit
kill
III [a:]
far
bar [ә:]
pert
never [ɔ:]
nor
form [ә:]
fir
surf
[ә:]
fir
smirk
IV [εә]
hare
bare [iә]
hare
mere [ɔ:]
store
more [jue]
pure
endure [aiә]
tire
fire

Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды алдын-ала оқыту қажет.


Оқуға үйрету әдістері
I . Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы.
II . Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
Eg-lake, plane, have, Mike
III . Сөздердің сыңарын таңдап алу:
Eg – does –goes,people–pupil,form – from, come – some, though – thuough
Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.


Ішінен оқуға үйрету
Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен оқыған кезде лексикалық,грамматикалық жіне айтуға дағдылары дамытылады.
Оқудың үш түрлі қызметі болады:
1) жүйелеу, жинақтау
2) танымдылық
3) қарым-қатынас
Ондағы негізгі мақсат-ағышын тіліноқыту арқылы оқушының өнегелік және эстетилалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін үйрету күрделі, ол қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
2. Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуғa болады.Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:
— сабақ әдістерін таңдау, оны жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының тәрбиелік және білімдік меңгрудегі дағдысы мен қабілеті т.б.
Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.
Оқыту әдісіне қойылатын талаптар:
Оқыту әдісінің нақтылығы,ғылымилығы, жүйелігі, қол жетімділігі, айқындылығы,нәтижелілігі.
Қазіргі кезде педегогикада оқыту әдістерін үш топқа бөліп қарастырып жүр:
1) сөздік
2) көрнекілік
3) тәрбиелік-тәжірибелік әдістер
Оқытудың сөздік әдістерінің тобы мұғалімнің сөзіне сүйенеді.Сөздік әдістердің тобына баяндау,әңгіме,түсіндіру,арнайы мәтінмен кітап оқу және магнитафондық жазбамен,өз бетімен жұмыс жатады.Көрнекілік әдістер сөздік әңгіемен тығыз байланысты.Себебі кез елген көрекі құрал түсіндіріеді,талданады.Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушының киімі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процестеріне байланысты әдістер жатады. Ағылшын тілі пәніне тән оқытудың басты әдістері мыналар:
— әңгіме әдісі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылуы тиіс.Оны кезкелген сабақта қолдануға болады.Сондықтан ол мазмұны жағынан сан алуан болады.Әңгіме әдісі оқыту материалын оқушының жеке өмір тәжірибесімен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді.Оқытуда әңгіме екі түрлі пайданылады;
— сұрақ –жауап негізіндегі әңгіме және эвристикалық жаңалық ойлап табу жолындағы әңгіме.Катехизикалық әңгіме оқушының білімін тексеру , бекіту, оқылған мәтіндерді талдау жұмыстары үшін қолданыады.Ал,эвристикалық әңгіме жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында қолданылады.
Мәтіндерге тілдік талдау әдісі. Мәтіндерге тілдік талдау әдісі көркем шығарма тілін талдағанда , сөздік жұмыс,мәтінмен жұмыс істегенде қолданылады.Ол мәтіннің сөздік құрамын
анықтауда сөз мағыналарын,сөздердің қолдану мақсатын ашу, талдаудан тұрады.Талдаулардың оқушының логикалық ойлауын,талдау қабілетін дамытуға жетелейді.
Грамматикалық талдау әдістрі. Грамматиканы оқығанда оқушылар біріншіден грамматикалық құбылыстарды табады. Сөйлем мүшелері, жеке морфемалар, олардың нақты белгілеріне қарай түр-түрге, мақсатына сәйкес бөліп, толық грамматикалық сипаттама береді. Жұмыстың бұл түрінде оқушының өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі, сипаты, түрі,мақсаты жағынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оқушылар жаттығулар орындағанда тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау
жасайды,қорытындылайлы,жинақтайды.
Тест әдісі. Қазіргі кезде ағылшын сабағында негізінен қолданылатын әдістердіңбірі-тест әдісі.Тест оқушылардың оқыған тақырыбын,игерген білімдері мен білім дағдаларын тексеру,бағалау, өткенді бекіту,қайталау сабағында пайданылады.Тестоқушылардың ойлау белсенділігін, қабылдау, ой қорыту мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Оқуға қойылатын негізгі талаптары.Ағылшын тілінде тән дыбыстарды дұрыс оқуға байланысты мәтіндегі сөз,сөйлемдерді орфоэпиялық нормада айтуға жаттықтыру үшін арнайы жаттығу жұмыстры жүргізіледі.Мәтінді оқытудан бұрын оның құрамында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі.
Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, оқумен, аударумен ғана шектелмей, оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар осы талапқа сай ойластырылып, оқушылармәтін мазмұнын түсініп оқуға,жүйелі түрде айтуға талаптанады.Бұл мақсатқа жету үшін оқушының сөздік қоры мол,грамматикалық тұлғаларды меңгеру дәрежсі ойдағыдай болумен қатар, оны байланыстырып,сөйлей білуі қажет.
Оқушылар мәтінді оқып,оның мазмұнын айтып беру үшін әр мәтінді дұрыс мәнерлеп түсініп оқуы,сұрақтарға дұрыс жауап беруі,жетекші сұрақтарға жауап беріп,тыныс белгісіне дауыс ырғағынкелтіріп оқуы,мәтінді әр сөзге,сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс түсіруі керек. Мәтінді екі тілге аудара білуі маңызды. Әр мәтін сайын жаңа сөздердің,сөз тіркестерінің,мақалдардың,нақыл сөздердің сөздігін жасап отыруы керек.Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу сөйлемдердің логикалық екпінге ие сөзді, логикалық паузаны, дауыс ырғағын білуге үйретеді.Оқушы мәтінді оқыған кезде алдына мақсат қоюы керек.Оларды шығарма кейіпкерлерін өз атынан әңгімелеуге үйретудің де маңызы зор.Шығарманың рухани кейіпкерлерінің сезім сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы назарын аударта білуі қажет.Автор сөзінің,төл сөздің дауыс ырғағын сақтай отырып,төл сөздерді жалғас әуенмен оқуы тиіс.
Диалогтарды рөлге бөліп оқып,диалогты,мәтінді авторлық баяндау,суреттеулерге оқуға жетілдіру, жаттықтыру да оқуға қойылатын негізгі талаптарға жатады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Сөйлеу әрекетінің негізгі түрі ретінде оқудың мәні неде?
2.Мәтіннің мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай беру дегенді қай түсінеіз?
3.Оқуға үйретудің қандай әдістерін білесіз?
4.Оқуға қойылатын қандай талаптарды білесіз?
5.Оқу-әдістемелік кешеннің оқуға үйретуге байланысты берілген нұсқаулармен танысып шығыңыз.
6.Оқуға арналған мәтіндердің мазмұнымен танысып,оны толық талдап шығыңыз.
7. Оқулықтан бір мәтінді алып, өзіңіздің шет тіліндегі мәтінді оқу жыоламдығын анықтаңыз.

Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *