Транскрипция және транслитерация мәселелері


Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы толық түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция — бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені
күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз
сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.
Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.
Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.
Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес
келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.
Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *