Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
- Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
- Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.
Талдау реті:
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
3.Тасымал.
4.Екпін.
5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.
А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
- Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.