Пунктуация мәселелері

 

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

  1. Пунктуация туралы түсінік.
  2. Пунктуация мәселелері.

3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.

         Жазба тіліміздің материалдык, элемент саналатын пунктуация — жазба тілдің 6ip белгісі. Жазба тіл кажеттіктен пайда болса, жазудыц шартты белгісі пунктуа­ция да жазумен байланысты шығып дамып келеді Жазусыз пунктуация жок. Пунктуациясыз жазу да сауатты, түсінікті болмайды. Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды. Тыныс белгілерін белгілі бір ережеге, негізге сүйеніп қоймаса, пунктуациялық сауаттылық саналы меңгерілмейді. Пунктуацияның осы бір мәселесіне онша көңіл бөлмегендіктен, мән берілмейтіндіктен көркем шығармаларда, газет-журналдарда және оқушылардың жазба жұмыстарында пунктуациялық сауатсыздық орфографиялық сауатсыздықтан әр уақыт асып түсіп отырады.

         Хронологиялық жағынан  алғанда, қазақ тілінің  тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың  «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары» туралы шағын мақаласы.  Автор бұл мақаласында  оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді.   Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның  рольін бағалауы дұрыс.

Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы — «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға» арналған. 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Пунктуация туралы түсінік.
  2. Пунктуация мәселелері.

3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.

Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.  

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *