«Teaching for Success» — білім беру саласындағы ағылшын тілін оқыту мен үйрену сапасын жақсарту бойынша біртұтас тәсілдеме
Үздіксіз кәсіптік білім беру идеясы мемлекеттік деңгейде, білім беру мекемелерінде және халықаралық агенттіктерде барған сайын көбірек қолдауға ие болуда. Біз білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың оқыту сапасын жетілдіруіне көмектесу үшін «Teaching for Success» бағдарламасын әзірледік.
«Teaching for Succcess» бағдарламасы жайында және оның көмегімен сізге қалай көмектесе алатынымыз туралы көбірек біліңіз
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҮЗДІКСІЗ КӘСІПТІК ДАМЫТУ ЖҮЙЕСІ
Оқыту саласындағы тиімді үздіксіз кәсіптік даму – «Teaching for Success» бағдарламасының негізі. Курстың икемді құрылымы оның мемлекеттік жүйенің талаптарына сәйкес келуіне және сонымен бірге оқу орындарындағы оқытушылардың мұқтаждықтарына сай болуына мүмкіндік береді.
Курстың қысқаша нұсқасын жүктеп алыңыз (CPD)
«Үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесіндегі қазіргі заманғы перспективаларды» жүктеп алыңыз (CPD)
Үздіксіз кәсіптік дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жоғары сапалы ресурстарға барлық мұғалімдердің қолы жете алатын болуға тиіс. Бұл нақты іс-тәжірибені дамытады және сіздің оқушыларыңыздың табысқа жетуіне жол ашады.
МҰҒАЛІМДЕРГЕ: ЖҮКТЕП АЛУҒА БОЛАТЫН ТЕГІН РЕСУРСТАР
«Teaching for Success» оқытушыларға арналған білім жоғарылату курстарын, кәсіби қоғамдастықтарға кіру мүмкіндігін және кәсіптік дамытуға арналған басқа ресурстарды қамтиды (CPD). Осының бәрі бағдарламаға қатысушылардың нақты сұраныстарына бейімделеді. Тегін ресурстар туралы осы жерден көбірек біліңіз де, жүктеп алыңыз.
БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПТІК ДАМЫТУ
«Teaching for Success» бағдарламасы ағылшын тілінің мұғалімдеріне де, сондай-ақ басқа пәндердің мұғалімдеріне де тамаша жарайды және әр мұғалімге қолайлы технологияны қамтиды. Бағдарламада ағылшын тілін оқыту ісіне ерекше назар аударылады. Аталған бағдарлама ағылшын тілінің мұғалімдерінің білімін жоғарылату мен дамыту бойынша жоғары сапалы ресурстардан тұрады.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ, МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ҮШІН БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
«Teaching for Success» бағдарламасы білім беру жүйесін жаңарақ әрі пәрмендірек деңгейге көтеруге көмектеседі. Біздің тренингілер және оқыту жүйесін ұйымдастыру әдісі мұғалімдер мен оқушылардың бұрынғыдан да жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Бағдарлама мұғалімдердің кәсіптік жағынан дамуы үшін жауапкершілікті өздеріне артуына мүмкіндік береді.
ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ САРАПТАМА
Біздің тәсілдемеде Британдық Кеңестің халықаралық тәжірибесін және мемлекеттік білім беру құрылымдарындағы оқыту сапасын жақсартуға бағытталған реформаларды қолдаудың көп жылдық іс-тәжірибесі негізге алынады