Йылмаз Ердоған: “Өлеңнің ең тамаша сылтауы – ғашықтық”

Фильм, зұлмат ІІ. Дүниежүзілік соғыс жылдарында Түркияның солтүстік өңірінің Зонгулдак қаласындағы өлеңге жандары жақын екі дос әрі жас ақын —  Рүштү мен Мұзаффардың тағдыры жайында өрбиді.

 

Екеуі туберкулез дертімен арпалысып қана қоймай, қала әкімінің қызы мектеп оқушысы Сузанға ғашық болады. Өлеңдерінің қайсысысы Сузанға әсерлірек болатындығына екі дос бәстесіп, оған өлең жолдарын арнай бастайды. Ауруы асқынған Рүштү елдің басқа өңіріндегі сауықтыру санаториясына түсіп, онда  Медихаға ғашық болады. Соңында онымен шаңырақ көтереді.  

 

Сузанның әкесі жас ақын әрі ауру Музаффардың қызына ғашық болуына қарсы әрекеті оқиғаны одан әрі шиеленістіріп жібереді.

 

Екі жас ақын өлеңдерін халық арасына таныту үшін тер төгеді. Бірақ, ақындардың қадірін түсінген жан бар ма?! Ол кезде елдің жағдайы мәз емес еді. Дейтұрғанмен, сол кезеңде танымал болған “Варлык” әдеби журналында екі жас ақынның өлеңдерін ұстазы Бехчет Неджатигил жариялауға қол ұшын береді. Бірақ, екеуінің басындағы ауру күннен күнге асқына береді, асқына береді… Әсіресе Медиханың көз жұмуы Рүштүге соққы боп тиеді. Сұм ажал артынша Рүштінің басына да келеді.

 

Екі ғашық Сузан мен Музаффар қызықты да өкінішті өмірді бастан өткереді. Алайда, Рүштінің жазған өлеңдері Сузанға ұнағанын естігенде Музаффар ішінен жеңілгенін мойындайды…

 

Фильм режиссері әрі атақты түрік актері Йылмаз Ердоған, “Өлеңнің ең тамаша сылтауы – ғашықтық” (Aşk en güzel bahanesidir şiirin) – деп өлеңнің де, өмірдің де алтын ғасырына айналған ақындардың ғашықтығын баяндайды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/iilmaz_erdogan_olennin_en_tamasha_siltaui__gashiktik__110

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *