Зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпараттар неге сәйкес келмейді

Қордың мәліметінше, салымшының қаражатының түсуі және қозғалысы бойынша үзінді көшірмеде жұмыс берушілер аударған зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтер есептелген инвестициялық табыс туралы деректер көрсетілмейді. Ал БЖЗҚ беретін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтермен қоса есептелген инвестициялық табыс туралы да ақпарат көрсетіледі. Бұл ретте салымшының ақша қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы үзінді көшірменің «Жинақтаудың бүкіл кезеңі үшін жиынтығы» бағанында сұранысты қалыптастырған күнге дейін жұмыс берушілер аударған барлық зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдардың (бар болған жағдайда) жиынтық сомасы көрсетіледі. 

Осылайша, екі үзінді көшірмені алып, олардың нәтижелерін салыстыра отырып, салымшылар (алушылар) инвестициялық кірістен құралған айырмашылықты көреді. Бұл ретте салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы жүйесінде, оның ішінде БЖЗҚ-да болған барлық уақыты үшін есептелген инвестициялық табысы көрсетіледі. Сонымен қатар, егер бұл үзінді көшірмелерде аударымдардың түрлі кезеңдері қамтылған болса, онда бұл айырмашылық екі үзінді көшірмеге де кірмей қалған кезеңде түскен аударымдар есебінен өседі және (немесе) азаяды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларын (алушыларын) барлық зейнетақы жинақтары өздерінің жеке зейнетақы шоттарында толық көлемде сақталып тұрғанына сендірді. Әр клиент оларды жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау арқылы тексере алады. Еске сала кетейік, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға есепшоттағы ақшасының 10 пайызын пайдалануға рұқсат беруге қатысты өз ұстанымын жариялаған еді. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866619-zejnetaky-zinaktaryny-somasy-turaly-akparattar-nege-sjkes-kelmejdi.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *