XXI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасамыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шағармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оныңтолық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М.Монтессори технологиясы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б.
Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі – мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз:
Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.
Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз (Қосымша 1 қара). Ал қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады.
Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.
Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім біруші педагогтың орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісі.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, …білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Бұл – бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу болашақ маманның жоғары оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Өйткені, оқушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектепті педагогикалық процесті сауатты басқаруына байланысты. Оның негізі болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану – жоғары мектептегі бейнелеу өнері және сызу мамандығындағы негізгі талаптардың бірі.
Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жоғарыдағы мақсат міндеттерді орындауда болашақ мамандар бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнінде проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер-ойындар, ақпараттық технологияны пайдалану, тағы басқа әдістерін қолдануға болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану саясатына байланысты. 1997 жылдың 22-қыркүйегінде ҚР-ның Президенті бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының негізгі бірбағыты – қазіргі заманғы технологияны оқыту процесіне тиімді пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.
Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады. Сонда ғана теория адамдарқажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер арқылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне, дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесіне қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде.
Оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтер мен психологтер оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастыққа қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.
Оқыту технологиялардың пайда болуының себебі де, оның артықшылығы да бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де қабылдамайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан да педагогикалық оқыту технологияның түрінің көп болуы, оған қойылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды.
Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдаланудың өзі оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан туындайды.
Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін, тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғыиның теориялық аспктілерін толық түсінуді қажет етеді.
«Технология» деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. Технология грек сөзінен аударғанда («techne» — өнер, шеберлік, «logos» — оқыту деген мағынаны білдіреді). Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық оқыту оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына қойған білім беру мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген анықтама береді.
Оқыту технологияларының өндіріс технологияларынан ерекшелігі, оның өзгермей ұзақ уақыт қалмауында, оның үнемі жетілдіріліп отырылуында.
Өткен ғасырдың 50-жылдарында оқыту процесіндегі пайда болған «білім берудегі технология» кейінгі жылдары өзгеріп «педагогикалық оқыту технологиялары» деген ұғымға айналды. Алғашқы кезде бұл ұғым ұзақ уақыт талқыланды, ол екі бағытта берілетін болды. Бірінші бағыт оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану, ал екінші бағыт оқыту технологиясы. Біртіндеп ғылыми технология процесінің дамуына байланысты 70-80 жылдары «оқыту технологиясы» деген ұғым енгізілді. Бұл оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға пайдаланылатын әдістер мен құралдар жүйесі түрінде қарастырылды.
Оқыту технологиялардың дамуы жолында педагогикалық ғылымда оқыту технологияларының айналасындаүлкен әңгіме тартыс болып келе жатыр. Көптеген зерттеушілер оқыту технологиясында да басқа өндірістегі сияқты құрал жасауға болады ма деген ой толғандырды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі ғалымдар бұл сұраққа әр түрлі жауап берді. Я.А.Коменский кезінің өзінде-ақ осы проблеманы көтерген болатын. Бұл проблеманы зерттей келе мектепті ол «тірі баспаханамен» салыстырып қарастырды да, мұғалімнің еңбегі педагогикалық құралды игергенде ғана тиімді болады деген қорытындыға келді. Көптеген педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасай отырып, қазіргі кезде оқытуды технологияландырудың қажеттілігі талас туғызбайтындығы, мұны оқыту процесінде пайдалану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған білім бере алуға болатындығы анықталды.
«Оқыту технологиялары» өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. 60-жылдарда оқыту процесін технологияландыру бағыты қалыптасты. Оның қалыптасуы бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша оқу материалын игерудің тиімді жолы, оны біріншіден, жүйелі бағдарламалы түрде беру мен бағалаудың жоспарланылуы деп көрсетті. Бұл жылдардағы бағыт бойынша жұмыста мұғалім жұмысы белгілі бір мақсатқа немесе белгіленген сценарий бойынша жұмыс істеуге ғана бағытталды.
70-жылдары – «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды, бұл жылдары білім бір-біріне байланысты ақпараттар компьютер бағдарламасы арқылы беруге негізделінді. Бұдан кейінірек оқыту процесіне қашықтықтан оқыту келіп енді. Бұл күрделі ақпараттық, бағдарламалық және әдістемелік бағдарлама болды. 80-жылдары техниканың дамуына байланысты «педагогикаға оқыту технологиясы» енді. Бұл ұғымның әдістер, тәсілдер және пайдаланатын жүйе екендігі анықталды. Қазіргі кезең – оқытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерін тиімді екендігін көрсетті. Оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану қажеттілік болды.
Ақпараттық технологияның маңызы
Жаңаша ақпараттық технология – ғылым жетістігі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.
Олар мыналар:
Лысенкованың «алдын ала оқыту»;
Хазанкиннің «есеп шығару»;
Палтышевтің «физиканы есептеп шығару»;
Шаталовтың «интенсивті оқыту» (тірек сигналдарын пайдалану).
Эрдниевтің «ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі» т.б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М.Монаховтың, Дяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақақат.
Мектептерде жүргізіліп отырған қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен Л.В.Замков, Д.Б.Эльконин В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланыста әрі мынадай ұстанымдардан құралады.
- Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
- Теориялық білімнің жетекші ролі.
- Оқу материалдарын жеделдете оқыту.
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В.Замковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігімен дербестігініңдамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субьектісін қалыптастыруға амалдары бағытталған оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті жүйенің басқа бөліктерінде (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
- Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек белсенділігіне баса назар аударылады.
- Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиет сезімін дамыту.
- Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру қажет» қажет.
Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Высотскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы» «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық, төртінші — шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясынегізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдардың талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрыптағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар — әңгімелесуші оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлер.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқулықтар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық және практикалық ізденушілерді бір дерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі – педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дәуірге дейін жиналған білім атаулының бәрі оқушыға жетерлік дәрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға әкеғлу мәселесі назарға алынады.
«Жаңа педагогикалық технология» — әрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мәлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер жаңа технологияларды өз тәжірибелеріне тиімді ендіре алады.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ сьезі Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырыпдамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс – бұл уақыт таалбы» деп атап көрсеткеніндей, әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әрі іскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалмақшы.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — әлеуметтік педагогикалық ұйымдастырутұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялықпедагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндікдаңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Соңғы кезде технология ұғымының мәні кеңейді. Мәселен, информатика ғылыми саласында ақпараттық технология ұғымы, физиология ғылымы саласында биологиялық жүйелер технологиясы жайында ұғымдар пайда бола бастады және т.б.
«Оқыту технологиясы» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А.Макаренко, қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильина болды.
И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты іс жүзінде дидактикалық мақсатқажету үшін қолданылатын ең тиімді әдістердіанықтау болып табылады. Педагогикалық технология оқыту үрдісін ғылыми жүйелеу бағытында, яғни, оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады.
Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына біржақты анықтама беріле қойған жоқ. Дегенмен кейбір ғалымдардың берген анықтамаларына тоқтала кеткен жөнәселен, Н.Никандров, В.Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттерді педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалыэвристикалық жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды.
Шетелдік педагогикада «педагогикалық техника» және «педагогикалық технология» терминдері бір-бірінің орнына қолданыла береді. Сөйтіп ол аталған осы ұғымдардың мән-мағынасын ашуды қиындатады. Мысалы, «педагогикалық техника» американдық педагогикада мына терминдермен қолданылады: Teaching Technique (педагогикалық техника), Technology of Teaching (оқыту технологиясы), Educational Technology (педагогикалық технология), Maneures of Teaching (оқыту маневрі), Tacties (тактика) және т.б.
Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың обьективтік факторларының жиынтығын (ғимарат, құрал-жабдық, дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, бағдарламаланған оқыту құралдары және т.б.) қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мағынасын ашқанда, төмендегідей анықтама берген: «оқыту технологиясы деп ғылыми ұстанымдар жүйесі қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге эмпирикалық талдау жасауға және оқытудааудиовизуальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның практикасымен өзара бірлікте қарастырады».
Оқыту үрдісінің құрылысын мемлекеттік білім стандарты анықтайды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланады. Білім мазмұны сәйкесінше оқыту мақсатын белгілейді. Оқыту мақсатына сәйкес мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті анықталады. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ара жігін анықтауға алып келеді. Оқыту әдістемесінде көбінемұғалімнің іс-әрекетіне жеке тоқтиалатын болса, ал педагогикалық технология оқушы іс-әрекетін сабақтың әр кезеңінде ашып көрсетуге жүгінеді.
Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы оқыту үрдісінің құрылысы сызбада ұсынылып отыр (Қосымшы 4, 5 қара).
Таңдалып алынған педагогикалық технологияға сәйкес педагогикалық технологияның мезанизөмі анықталады. Педагогикалық технологияның жүзеге асу механизмінен білім сапасы, яғни, оқыту нәтижесі алынады.
Ал оқыту әдісінің құрылысын қарастырып, онда педагогикалық технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады.
Мұғалімнің мақсатынан мұғалімнің іс-әрекеті мен оның қолданатын құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен оқушы ұжымының іс-әрекеті және оқушының жеке басының іс-әрекеті туындайды. Мұғалімнің сабақта пайдаланатын құралынан оқушы ұжымының құралы, ал оқушы ұжымының құралынан оқушының құралы анықталады.
Сонымен, болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол төрт кезеңнен тұрады.
І кезеңде болашақ педагогтер өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:
— сабақтың технологиялық картасын құру;
— оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:
- сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
- сабақтың технологиялық картасын жасау және оны дәлелдеу;
- сабақтың нәтижелігін негіздеу.
ІІІ кезең. Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту).
IV кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
Осыған орай, педагогикалық қызметкеынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.