Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал

 

         Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.

 Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.

Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны.

Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.

Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда  буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ  тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді.

Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі;

 Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла;

Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт;

Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт

 Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт;

 Алты дыбысты: спектр, спринт.

Буынның түрлері:

Ашық буын- жеке дауыстыдан тұратын немесе  дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.

 Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.

  Өзін —  өзі тексеру сұрақтары:

1.Буынның жалпы сипаттамасы мен өзіндік қасиеттері;

  1. Буынның түрлері, олардың қасиеттері мен дыбыстық құрамы;

3.Сөздердің буын құрамы;

4.Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай бөлінуі;

6.Буын құрамының өзгеруі;

Әдебиеттер:

1.Аханов К. Тіл білімінің  негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002

2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989

  1. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *