Бауырдың қабынуы – жұқпалы ауру. Ғылымдағы атауы – гепатит. Аурудың микробы өкпені тікелей (жұқпалы сары ауру) және жанамалай (безгек, мерез, сепсис және т.б.) қабындырады.
Бұған түрлі улы заттардың (күшәла, улы саңырауқұлақ) ішек арқылы бауырға енуі себеп болады. Бауырдың жиі қабынуы әйелдің екіқабат кезеңінде жиі кездеседі.
Аурудың белгілері оны қоздыратын себептің түріне, басқа аурулар зардабына байланысты. Бауыр қабынуынан организм сарғаяды. Ауру баяу басталады. Алғашқы күндері делсалданады, аздап денесі қызады, тағамға тәбетті шаппай, іші өтеді. Аздап оң жақ қабырғасының асты ауырады.
Дер кезінде емделмей, ішімдікке салынса, ауру асқынып кетеді. Бауыр көлемі кішірейіп, организм қатерлі күйге ұшырайды, яғни, дененің сарғаюы күшейіп, қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі де, адам аласұрады, қиналып, есінен танады.
Ал емделген жағдайда ол 3-6 аптадан кейін айығып кетеді. Бауырдың жедел қабынуы оның созылмалы түріне айналады. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері білінісімен-ақ дәрігерге көрініп, мұқият емделу қажет. Жұқпалы сары ауру болса, ауырған адамды тез ауруханаға орналастыру керек. Бауырдың уланы әсерінен қабынуын емдеу үшін алдымен сол аурудың организмнен шығарған дұрыс.
Ауру адамның бүйірінен ыстық басып, жеңіл сіңетін тағам (жеміс-жидек, қант, бал, ақ нан, ірімшік, құрт, сүзбе, т.б.) беру қажет. Бауыры іскен адамға майлы тамақ жақпайды. Бауырдың зақымданған жасушаларын әбден қалпына келтіру үшін жүзім қантын ұзақ ішіп, дәрігердің бақылауында болу қажет.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/62702/