Ермекбаева Гулжан Ныятбековна, Қарағанды қаласы, ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы, логопед
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлыелдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндетдеп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік, Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде белсенді меңгеру үшін жағдай жасауда шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек»,- деген болатын. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің әлем танудың кілті болмақ. Елімізде тілдің үштұғырлы саясаты мәселесі сөз болғанда оның тиімділігіне баса назар аударылады. Бірінші кезекте бұл халықтың өзара түсінісу мен ынтымақтастық жағдайында өмір сүруі үшін аса қажет өркениеттің негізгі талабы болмақ.
Үштілділік- заман талабы. Үштілділік-бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Ағылшын тілін білу бізге шексіз мүмкіндік бірі осы-тіл. Ағылшын тілі-әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру- жастарға жол ашады. Ол-жаһанданудың кепілі.
«Елу жылда ел жаңа » демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасапкеледі.Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық білімінің алдында биік мақсат қойды. Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалылыға айналуы қажет. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің ең алғашқы буыны мектепке дейінгі білім берудің қазіргі таңдағы өзекті мәселесі мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу маңыздылыққа ие болды. Мектепке дейінгі мекемелер ерте жастан шет тілін оқыту жаппай енгізу процесін бастап кетті. Сондықтан да, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Коммуникация» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет — тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Қазіргі кезде балабақшаларда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру қажет. Үш тілді жетік меңгерген жас ұрпақ тәрбиелеу қазіргі жаңа заман үшін өте қажет. Ендеше үш тілді білу, меңгеру- бүгінгі заман талабы.