ҮШТІЛДІЛІК- ЖАС ЖЕТКЕНШЕКТІҢ БОЛАШАҚҚА БАСАР БАСПАЛДАҒЫ

Пауешова Гульнар Тлеккабыловна,
Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Әбу Сәрсенбаев атындағы ЖОМ
мектепалды дайындық тобы тәрбиешісі

Бүгінгі таңда көп тілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік алады. Осы орайда балабақшалар мен мектептерде үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат — бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Қазақстанның тілдік ахуалына қатысты мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында нақты көрсетілген. Елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңімен іске асыру ұсынылған, оған сәйкес үш тілді дамыту қажет: мемлекеттік тіл ретінде – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде – орыс тілін және жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі ретінде – ағылшын тілін. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

«Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал». Бауыржан Момышұлы

Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолайлы тілдік ортаны құру арқылы көптілді тұлғаны дамыту — бүгінде қазақстандық білім беру ұйымдары педагогтерінің алдына қойылып отырған үлкен жауапкершілік. Заманауи білім беру жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап ЖОО педагогтерінің үштілді көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудағы кәсіби шеберліктерін жетілдіру мәселесі бүгінде аса өзекті болып табылады.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. . Көптілді білім беру – көпқырлы мәселе..Ұстаздың негізгі мақсаты – көптілді және көпмәдениетті құзыреттілікті игерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруға атсалысу Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір тәрбиеші мұғалімінің міндеті болып отыр.

Балаларды тәрбиелеуде тіл ерекше орын алады, өйткені тіл — адамдардың өзара түсіну, қатынас құралы болуымен қатар, қоғам мен табиғаттың, адамның рухани айнасы. Тіл арқылы балаға тәрбие беріледі. Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе — келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі біздің барлық оқу қызметімізде жүзеге асып отырады. Көптілділік адамдардардың өзара түсінісуіне жол ашады және қоғамда да, өмірде де өзіндік орын алады

Сондықтан, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа елдің дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт.

Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек.. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Тәрбие беру мен тіл үйрету – күрделі, көп қырлы, шығармашылық пен төзімділікті қажет ететін үдеріс. Баланы білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты. Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады..

Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін өлең, ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор. Сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді… мектепке дейінгі балалардың үштұғырлы тілдер бойынша міндеттерді іске асырудың жолдары: Ұйымдастырылған оқу қызметі үдерісінде үштұғырлы тіл құрамына кіретін тілдерді оқыту технологиялары мен әдістемелерін үнемі жетілдіру;

ұйымдастырылған оқу қызметі үдерісінде «Қатынас» білім беру саласы бойынша үнемі ойындарды, үш тілдегі жұмбақтар, жаттығулар, қолдану — күн тәртібі барысында балалармен үш тілде қатынас жасауды қамтамасыз ету- күннің екінші жартысындағы дербес әрекеттер, сабақтар, үйірмелер,

-ұйымдастыру арқылы балаларды шетел тілдеріне жүйелі үйрету;
тілдік кеңістікті кеңейту үшін заттық-дамытушылық ортаны жасау.

Мектепке дейінгі ұйымдарда үштұғырлы тілді дамытуды іске асыратын осы салалардың бірі «Қатынас».. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын іске асыру барысында үштұғырлы тілдерді оқыту бойынша арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленіп , мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетелдік үздік тәжірибе жұмыстарына негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізілуде. …соның бірі «Үш тілдің патшалығы» бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік-коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуға және оларды үш тілге – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне үйретуге мүмкіндіктер жасайды.. Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды.. Тілдің үштұғырлығын дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.

Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Сөз ойла, тез ойла» «Кім тапқыр?», «Кел, сайысайық!», «дыбыстар сөйлейді»» сынды тағы басқа ойындардың үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Балаларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөздікжұмыстар , үлестірмелі карточкалар ,жұппен жұмыс олардың сауаттылықтарын арттыра отырып оқу қызметіне қызығушылығын оятады.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі.. Қорыта айтатын болсақ, «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. Алдымыздағы жас жетекеншектеріміз болашаақта заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса еліміздің болашағы жасжеткеншектерімізге әлемдік кеңістікке қанат қағып, үштілді меңгеріп заман талабын бағындырады деп сенім артып сәттілік тілейік !!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *