Бапахова Раушан Жумадиллевна, Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК әдіскері
Тіл мәдениетін игеру – әр баланың сәби шағынан басталып, әрі қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдес. Тіл – дүние танудың кілті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мелекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөліп отырады. Білім мен ғылым, экономика, бизнес, жалпы бәсекелестік қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы алдымызға үш тілді білу қажеттілігін қойып отыр.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар мен ғылымның дамыған заманы. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне жақсы жағдай жасалынған. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандағы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек. Үштілділікті оқытудың болашағы үлкен, алайда ол үздіксіз әрі қолжетімді болған жағдайда. Жаңа дәуірге аяқ баса отырып, біз әрбір баланың болашағын, оның өмірге деген дайындығына, әлеуметтік бейімделуіне зор мән беруіміз керек.
Үштілділік оқытудың нәтижесі ретінде, әрбір балада көргіміз келетін үйлесімді дамыған тұлғаны есептеуімізге болады.
Елбасымыз қазір үштұғырлы тіл саясатын, яғниқазақ, орыс және ағылшын тілдерін балабақша, бастауыш мектептен бастап үйретуді ұсынды. Ендігі жерде оқу қызметін өткізудің мақсаты:
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес лексика түрімен таныстыру;
Балаларды шет елдердің балаларға арналған халық ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, тәрбиелеу.
Үштілділікті оқыту балаға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына көп көмектеседі. Шет тілін үйреніп жүрген балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп, араласуы қажет. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Жетістіктеріміз ең бірінші балаларды мемлекеттік тіліміз, өз ана тілімен салыстыра отырып, шет тілін игертуге бағытталған.
Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдіс балалардың сөздерді есте сақтау үшін өте қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Және сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары балалардың шет тіліне деген қызығушылықтарын тудырады.
Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, көлемін, мөлшерін атап беруге үйренеді. Сызбаларды тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және әрбір жаңа тақырып бойынша жасап, қолдануға болады. Сонымен бірге мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, логоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі деп айтуға болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі.
Шет тілін оқытуда балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Ол балалардың өздерінің жасындағы психофизиологиялық дамуында негізделеді. Психологтардың айтуынша мектепке дейінгі жастағы балаларының қабылдауы, есте сақтау қабілеті және зейіні еріксіз түрде болып отыр. Балалар өздерінің қабылдауларын басқара алмайды, өз бетінше белгілі затты анализдей алмады. Балалардың есте сақтау қабілетіне көзбен көрген нәрсесін есте сақтап қалу тән, алайда балабақшадағы бала өзінің қабылдап отырған нәрселерін кейін қайта еске түсіруі керектігі жайлы ойламайды.
Балалардың көңіл аударуының ерекшелігі, түр сипаты тартымды, бояуы қанық заттар арқылы оянады. Қабылдап отырған нысанға деген қызығушылық сақталып отырған жағдайда, затқа, материалдарға деген көңіл аударулары сақталады. Көптеген негізге алынатын тілдік дағдылар мен іскерліктері әзірге мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға қол жетіспестік болып отыр. Бұл балалардың күрделенген логикалық сөздер тізбегін жинақтай алмай, бір типті сөз орамындағы сөздерді ауыстыра алмай, сөздерді лексикалық бірліктер ретінде қабылдауына және т.б.жағдайларға әкеліп соқтырады.Сондықтан, үштілділікті оқыту осындай ерекшеліктерді ескере отырып, және бастауыш мектептегіден едәуір өзгеше болғаны дұрыс.
Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған , рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру болып отыр.
Еліміз егемендік алып еңсесін көтере бастағанда қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Демек біз өз мемлекетіміздің дүниежүзілік деңгейдегі беделінің өсіп, 50 елдің қатарында олармен иық тіресе сөйлесе алуымыз үшін қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де сөйлеп тұрсақ, деңгейімізді танытқанымыз емес пе. Ол үшін қазақ тілін пән ретінде оқытумен қатар орыс, ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет.
Елімізде Үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге аптасына үш сағат бөлінген. Бүгінгі күннің талабына сай үш тілді білім беру жүйесінің негізін қалау мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алады. Өйткені жаһандану заманына сай жан-жақты дамыған білімді тұлға болып қалыптасудың негізгі шарттарының бірі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білу.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде бес миллиондық аудитория алдында «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында оқыған интерактивті дәрісінде еліміздің жарқын болашақтағы алға жылжуының жаңа мүмкіндіктерін айқындап, білім беру мен ғылымның даму жолын белгілеп берді. Елбасы өзінің кезекті дәрісінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оқу үдерісіне мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруде заманауи тәсілдерді енгізуді, ол тәсілдің инновациялық тұрғыда жүргізілетініне, ал білім беру технологиясы мектепке дейінгі білім беру бойынша балаларды толық қамтуға және үш тілде білім беруге ұштасатындығына тоқталды.
Мемлекет басшысы үш тұғырлы тіл саясатын ендіруді тапсырма етіп қойды алдымызға. Қазақ тілі – ол біздің ана тіліміз. Түп тамырымыз да, болашағымыз да осы ана тілімізбен байланысты. Ал орыс тілін білу – кеңістікте өз дәрежемізді сақтап қалуға, саясатымызды оң бағытта жүргізуге қажет. Ағылшын тілі туралы басқа. Бұл жаһанданған мына заманда әрбір ұлт пен ұлыстың тіл табысуы үшін, қарым-қатынасын нығайту үшін қажет құрал. Оны өз деңгей дәрежесінде орындау білім саласының қызметкерлеріне артылатын жауапкершілік.
Үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Сондықтан баланы ерте жастан үш тілге үйрету қажет.