Философияның пайда болуы

Философияның пайда болуы

 

Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.

 

Философияның қалыптасу кезеңдері

Мифология

 

Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер мәдениеті

 

Алғы философия

 

Египет

Үнді

Месопотамия

Иудея

Қытай

Греция

 

Философия

 

Үнді

Қытай

Греция

 

Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.

«Философия» ұғымы (грекше  «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-даналық)  «даналыққа құштарлық»  деген мағына береді. «Философия»  атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.

—  Ей, дана (софист)! – дегендерге:

—  Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін). Нағыз даналық Құдайға ғана тән! — деп жауап берген екен Пифагор.

 

1.2 «Философия»  пәнінің негізгі бөлімдері

 

Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады

1)     онтология (болмыс туралы ілім);

2)     гносеология (таным туралы ілім);

3)     антропология (адам туралы ілім);

4)     аксиология (құндылықтар туралы ілім);

5)     этика (мораль туралы ілім);

6)     логика (ойлау заңдары туралы ілім);

7)     эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *