Философияның негізгі сұрағы

Философияның негізгі сұрағы

Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп — ойлаудың болмысқа, болмыстың — ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады.

Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: адамның (философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе құруын — дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында.

Материя және сана (рух) — болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі — онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды.

Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі.

Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні — «Дүние таныла ма, әлде танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» — деген сұрақ.

Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар:

1) материалистерге;

2) идеалистерге;

3) дуалистерге бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *