Абдрахманова Айгерим Калымхановна, Қарағанды қаласы, КМҚК «Балақай» балабақшасының тәрбиешісі
Қазақстан – көпэтносты ел, сондықтан да бұл елде үштілділік кең тараған құбылыс.
«Үш тіл» мен «үштілділік»-екі басқа, — деп Б.Хасанұлы айтқандай:
үш тіл деген:
Әр түрлі этностың үш түрлі төл туындысы;
Үш этносқа тән әлеуметтік тіршілік иесінің қатынас құралдары;
Сөйлермендері әлемді үш түрлі тілдік тұрғыдан бейнелейтін тілдер;
Мәдениетаралық тілдік қатынаста бір-бірін төзбейтін тілдер.
Ал «Үштілділік» жайлы Қазақстанның тұңғыш социолингвист-ғалым Б.Хасанұлы мынадай анықтама берген: «Үштілділік» – үш тілдің тұтастығын құрайтын біріңғай тілдік үдеріс. Бұл – әртүрлі тұлға, әлеуметтік топ не ұжым сөйлейтін үш тіл қолданысы емес, бір тұлға не бір әлеуметтік топ немесе бір ұжым, нақты бір қоғам сөйлейтін тіл.
Қазақстанда жергілікті үштілділіктің бірнеше түрі кездеседі. Жалпылай айтар болсақ, қазақ пен орыстан басқа халық өкілдері ішінде өз ана тілімен қоса орыс, қазақ тілдерін білетіндер аз емес. Түркі тілдес елдер сондай. Өзге тілдер арасында дүнген халқының дүнген-қазақ-орыс-қырғыз төрттілділігін ерекше атауға болады. Ол аз болса, дүнгендер арасында қытай тілін білетіндер де кездеседі. Демек, Қазақстанда бестілді дүнгендерді де кездестіруге болады. Атап айтарлығы, дүнгендер соншама түркітілділер мен орыстілділер арасында жүріп ана тілін сақтай білген, өз тілдерін ана тілім деп мәлімдеген.
Қазақстандағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен тұратын үштілділік иесі – қазақ, орыс, ағылшын ұлттарының өкілдері. Қазақтың қазақ, орыс, ағылшын үштілділігі дегенде бұл үштілділіктің сөйлерменнің ұлты негізге алынған. Бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Алайда үш тіл білгеннің бәрі бірдей үштілділікке енбейді. Ендігі мақсат үш біртілділікті тұлға деңгейіндегі, әлеуметтік топ деңгейіндегі, үштілділік құбылысына айналдыру болмақ.
Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілділік адамдардарың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Алайда, көптілділік адамдардың бір-бірімен ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Көптілділік қоғамда да, өмірде де өзіндік орын алады. Көптілділік — тек адамзатқа ғана тән әрекет; тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, ұғыныса алады. Көптілділік адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірге жүзеге аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Осы қарым-қатынас құралы болып табылатын көптілділікті ғалымдар әрқилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Көптілділік әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның қай тілде болса да түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді. Бұл сала қоғамдық әлеуметтік өмірді және ғылым мен білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой пікір түйіндеуге үйретеді.
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділікгі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда). Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас.
Қазақстанда – көпэтносты ел және үштіліділік – саяси, экономикалық, мәдениатаралық қана емес, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыратын өзекті мәселе. Қазақстанда пайда болған үштілділік құбылысы қазақ арасында ғана тараса, бұл біржақты үштілділік болады, сондықтан оның орыс, Қазақстанда жұмыс жасайтын ағылшын тілділер, өзге күллі ұлыс өкілдері арасында тарауы шарт, көптілді елге керегі – үштілділік, бұл — жергілікті тілдерді, орыс тілі сияқты халықаралық тілдің, ғаламдандыру тілі — ағылшын тілінің жұтып жіберуінен сақталуының бір кепілі-деген Б.Хасанұлының пікірімен біз тағы келісеміз.
«Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.
Қазіргі әлем — жаңалықтар мен өзгеше технологиялар, өзгерістер заманы. Заманның ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен ой елегінен өткізетін тұлғаны, келешекті кемел ойлай білетін, дүние өзгерістерінің себеп-салдарын жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен қабылдайтын жандарды қажет етеді.
Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
Бүгінгі күні біздің қоғамымыздағы қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бул көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етеді, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылса, шет тілі адамдардың өзін-өзі әлемдік қоғамдастыққа сәйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта балабақшалар, мектептер, ЖОО-дары өз үлесін қосуда. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.